ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
02 октября 2019 | 10:38

"Бізге де Golden Boy-дан ұсыныс түсер". Батыр Жүкембаев үлкен ареналарға көз тікті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Батыр Жүкембаев. © Tengri TV Батыр Жүкембаев. © Tengri TV

1 қазанда қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев екі титул жеңіп алған соң Канададан Қазақстанға оралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

1 қазанда қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев екі титул жеңіп алған соң Канададан Қазақстанға оралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Жүкембаев 26 қыркүйекте Монреальда әлемнің бұрынғы чемпионы, мексикалық Мигель Васкесті ұпай санымен жеңіп, WBA Continental және IBF Inter-Continental титулдарын иеленген. Бұл оның кәсіпқой рингтегі 17-жеңісі болатын. 

Алматы әуежайынан Жүкембаевты оның жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды. TеngriTV тілшісіне берген сұхбатында ол мексикалық Мигель Васкеспен болған жекпе-жегі туралы сөз қозғады. 

"Соңғы қарсыласым маған қиын болды деп айта алмаймын, бірақ жекпе-жекке дейінгі дайындық ауыр болды. Жаттығу процесінде - спарринг, салмақ қуу бойынша үлкен жұмыс істедік деп ойлаймын. Дайындықтан көп қиналғаныммен, жекпе-жек жеңілдеу болды. Боксты түсінетін жанкүйерлер оның қандай қарсылас екенін, қандай деңгейдегі жекпе-жек болғанын түсінеді деп ойлаймын", - дейді ол. 

Жүкембаев титул сарапқа салынатын жекпе-жекке 2,5 ай дайындалған.

"Бапкеріммен жақсы тактика таңдадық. Екі ай бойы оның жекпе-жектерін қарадық. Он раундқа жігерленіп шықтық, мақсат - әр раундта жеңіске жету. Бапкер қойған нұсқаудың бәрін орындап шықтым", - деді боксшы. 

Енді қазақстандық боксшы үлкен жекпе-жектерге дайын екенін айтты. 

"Бұл кездесу менің үлкен жекпе-жектерге, үлкен ареналарға дайын екенімді көрсетіп тұр. Сондықтан алда мені үлкен жекпе-жектер күтіп тұр деп ойлаймын. Бұл жерде бәрі менің дайындығыма ғана емес, командам мен промоутерге де байланысты. Промоутердің мақсаты - мені америкалық нарыққа, үлкен телевизияға шығару. Бізге де Golden Boy-дан, үлкен жекпе-жектерден ұсыныстар түседі деп ойлаймын", - деді Батыр. 

Жүкембаев алдағы жоспарларын бөлісіп, тарихта өз атын қалдырғысы келетінін айтты.  

"Біздің ең бірінші мақсатымыз - әлем чемпионы болу. Өз таңбамызды қалдыру үшін, әлем чемпионы болып қана қоймай, титулдарды біріктіру немесе басқа салмақтарда чемпион болу. Ешкім жасамаған қадамдарға барып, бокста өз атымды, қазақтың атын қалдыруға мүмкіндік туады деп ойлаймын. Осы салмақта чемпион болып жатсам, болашақта басқа дәрежеге ауысуға болады", - дейді ол. 

Сондай-ақ, Батыр Жүкембаев отандасы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жегіне болжамын айтты.  

"Меніңше, Головкиннің жекпе-жегі тартысты, қызық болайын деп тұр. Геннадий фаворит деп сенеміз. Бірақ бұл бокс қой. Деревянченконы да жақсы білесіздер, елімізде ұзақ уақыт өнер көрсеткен, осал емес", - дейді боксшы. 

Батыр Жүкембаев WBA және IBF жүйесіндегі титулдарды жеңіп алды

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer