Егер Астана тұрғындары суды ұқыпты пайдаланатын болса қазіргі беріліп тұрған судың көлемінің өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Біз "судың да сұрауы бар" деген сөзді білеміз, бірақ мәнін терең түсінбейміз. Алайда инфрақұрылымдарды жетілдіре беру қажет. Қала өсуін тоқтатпайды. Сұраныс болған соң ұсыныс та болады.
Яндекстің осы сұраныстың артуына сай бағаны өсіру деген саясатын қолдамаймын. Яғни көлік қызметін аукционға салғанмен бірдей ғой, кім көп төлейді, сол алады. Капитализмнің ең сорақы элементін бизнестерінің басты қағидаты етіп алған.
Гена мықты! 41 жасында әлі талайды қалпақша ұшыруға дайын. Мен болсам 40-қа енді толам. Бірақ өзгені ұрып жеңу былай тұрсын, қарнымдағы 10 кг майды кетіре алмай әлек болып жүрмін😥
Қазір жердің түкпір-түкпіріндегі ақпаратты әупірімде алуға болады. Өзге елдерде болып жатқан індеттік ахуалды біле тұра билет сатып алған жандардың бас сандәрігердің айтқанына бола билетін қайтармасы анық((
Жүз жасаңыз, Юрий ақсақал! Бала кезімде, орысша бір сөз түсінбесем де, осы кісінің қазақтың ұлттық музыкасы туралы жүргізген бағдарламасын теледидардан үзбей көруші едім