Сайлауалды бағдарламасы құрылып, сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша Жол картасы да жасалып, бекітілді. енді осы Жол картасына енгізілген барлық іс-шара жүзеге асар деп сенеміз.
Расында, тек Қазпошта емес, көп жерлерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділік қамтамасыз етілмеген. Бұл кемшілікті мойындау керек. тіпті пандус болған күннің өзінде Ереже сақталмаған, қисық, өте биік, болмаса ұстайтын тұтқасы жоқ дегендей. Партия тарапынан "Кедергісіз келешек" партия жобасы аясында рейд жасалып, жеке шаруашылық тар, мен мемлекеттік ұйым мекемелеріне, дүкен, т.б. ескерту жасалып келеді.
Праймериз-партияішілік, нағыз "мен" деген үздіктерді, патриоттарды, еліміздің өсіп өркендеуіне үлесін қосатын азаматтарды анықтайтын шара. Праймериздің ашық өтетініне сеніміміз мол. Биылғы жылы көпбалалы аналар да, мүмкіндігі шектеулі азаматтар да, әсіресе жастар көптеп қатысуда.
Праймериз-партияішілік, нағыз "мен" деген үздіктерді, патриоттарды, еліміздің өсіп өркендеуіне үлесін қосатын азаматтарды анықтайтын шара. Праймериздің ашық өтетініне сеніміміз мол. Биылғы жылы көпбалалы аналар да, мүмкіндігі шектеулі азаматтар да, әсіресе жастар көптеп қатысуда.
Бүгінгі ел басына келіп жатқан қауіптен аман сау өтуге тілектеспін. Аман болайық. Сақтансаң сақтаймын деген, ел амандығы үшін талап етілген сақтық шараларын сақтап, бұлжытпай орындау қажет екендігін ұмытпайық.
Кадрлық резервке қарапайым халық арасынан азаматтар ұсынылуда. Бұл дегеніміз халықпен тығыз қарым қатынаста болып, елдің әл ауқаты әрқашан бақылауда болады. Сонымен қатар "Біргеміз" акциясының жалғасын табуы қуантарлық жағдай,, себебі әлі де болса көмек қажет ететін отбасылар баршылық!
Еліміздегі төтенше жағдай басталғалы жан жақты көмек көрсетілуде. Іске сәт. Еліміз аман жұртымыз тыныш болса екен. Бірге болсақ бұл қиындықты да жеңіп шығамыз. Қол ұшын созып жатқан, сауапты іске өз үлестерін қосып жүрген азаматтарға, Партияға мың алғыс!
Осындай қиындық туған кезде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек өте қажет. Осы орайда көмек қолын созушы азаматтар мен "Bizbirgemiz" қорына алғысымыз шексіз. Әсіресе ауылдық жерлерде көмек қажет ететін отбасылар көптеп кездеседі.
Бірлікте болсақ алынбайтын асу, бұзылмайтын қамал жоқ. Жан жаққа тартып арандатуға ермей керісінше бірлесіп, осы бір төтенше келген кесірге қарсы тұрайық! Бұл күндер де өтер. Алла жеңілдігін берсін! Қандай жағдай болмасын, жеңіп шығуымыз Бірінші Алланың, екінші өз қолымызда!