Үкімет басындағы ел ағалары бұл жігіт 4 баласының басын бәйгіге тігіп мынау бүлдіршінді аман алып қалды. Ерлігі бағаланып баспана берісеңіздер,нұр үстіне нұр болар еді. сағат төс белгі жақсы ғой бірақ бұл ерліктің бағасы жоғары
Кім қателеспейді, кім күнәдән пәк? Ал қамаққа алды, бәрінің жаны жай тапты ма? Құдай ау әйел адам ғой екі баласына обал ғой. неге осылай бір бірімізді табалаймыз. Ешкімде түрмеге отырмаймын деп айтатын кепіл жоқ
Құрметті халқым. менде бір ұсыныс бар бұл кісіні соттатқанда кімнің керегесі кеңееді, екі кәмелетке толмаған баласы бар екен,ия қателесті жаңылды адасты, өз жазасын штрафпен өтесін ол деген сөз ішкен жегенін кері қайтарсын. Ал үкімет бұл ақшаны жағдайы жоқтардың кредитын жауып берсін. Ол ақшаны кері өкіметке жібертіп тағы бірнеше шенеунікті байытпай қазынаға осындай жолмен келген ақша халықтың кредитына беріліп отырса Мынау апайымда риза бұл апайға халқымда риза.Ал сіздер не дейсіздер????
Анашым сіз білесіз бе екеуіміз бір түс көреміз? Түсімде есімімді Ертірек деп қойып жатырсыз, сіз сондай ажарлы сұлу екенсіз.. Сіздің жүрегіңіздің әр дүрсілін мында мен жақыннан естимін,қызық анашым екеуіміздіке бірдей соғады, кейде қатты кейде баяу.Сіздің дауысыңыз сондай әдемі мені еркелетесіз аймалайсыз. АНАШЫМ құрсағыңызда тарлау маған әрине,бірақ өте жылы жайлы.Сіздің жүрегіңіз сағат үні ұқсап ұрып тұрады....Анашым маған дүние есігін ашу қорқынышты.....сіз естігенді менде естимін ғой...не айтып кеттім ер жігіт емеспін бе? Қайта ертерек сізбен қауышып аяла алақаныңызды сезініп, ыстық құшағыңызда жатып, сіздің мейірімді ажарыңызды көргім келеді....әлемдегі ең сұлу ол менің анам. - Анашым сіз қайдасыз?! Көзімді аша алар емеспін, маған дем жетер емес,кіндігімізді неге кесіп тастады???? Кетпеңізші маған қатты қорқынышты....Анашым қайдасыз ?Құшақтаңызшы..... Мынау кісілер неге мені естімейді?!!Бұл жарық дүние ма?!! Жарықты көре алар емеспін,шамам жоқ әлім жоқ, тіпті көзімді аша алар емеспін... Мінекей анашым сенің дауысыңды естимін қатты жылап жатырсың!!! Жыламаңызшы ......қасым келіңізші бір құшақтаңызшы,бір ыстық деміңізді сезінейін.Анашым қайдасыз... мен мынау өмірді сүргім келеді көргім келеді, сізді қатты жақсы көремін маматай, арпалысып жатырмын сенің бір дидарыңды көру үшін...сенің армандарыңды орындау үшін... Мен тірімін ғой дәрігер ағай.... неге мені өлдіге санап тұрсыз?!!! Маған дем жетер емес көмектесіңізші, қолыммен айтып жатырмын ғой, адамдар расыменде бірін бірі осылай түсінбей ма сонда???? Мынау кең дүниеде адамдар осындай аяусыз ба??? Ағатай өмірімді арашалашы, тым болмаса анамның ыстық алақанына берші, бар күшімді салып көзімді ашып анамды бір көрейінші ағатай.... Есік ашылды... сірә кең дүние есігі болар, алақай анашым сен сондасың ба?!!!! Маматай маматай сен қайдасың жоқсың ғой мында?!! ...есік неге қатты жабылды...Мынау жақ неге суып кетті..тоңып барамын. Анашым бұл дүние осындай суық па?! Сенің тар құрсағыңда сондай жайлы жылы еді.... Апатай қорқып жатырмын...қатты тоңып барамын мен қайдамын?!!! Осы ма кең дүние есігі??? Анашым қатты тоңып денемде суып барады...тіпті аяғым суықты сезер емес... жүрегім баяу соғып тұр. Әлім арпалысуға жетер емес...Сенің дидарыңды бір көру арманым болып кетіп барады. Әттең маматай сенің үкілі үмітіңді ақтамадым, түсіңдегі аян болған Ертірегің бола алмадым, ақ сүттіңнің дәмінде тата алмадым....Мынау дүние қаталдығын , адамдардың зұлымдығын түсінбей кетіп барамын.... құлағымда тек сенің жылаған қатты зарың тұр....енді сіз жаламаңыз жігерлі мықты болыңызшы сіз менің анамсыз ғой. Өмір де өлімде осындай қысқа ғана екен ғой...Қош аман бол Анашым,сенің ыстық құшағыңда әлдилеген әніңді түс қылып көріп кетіп барамын......