Құрылғанына көп болмаса да жаңа аудан күн санап адам танымастай өзгеріп, гұлденіп келеді. Мұның барлығы өңір басшысының еңбегі деп білеміз. Облысымыз өркендей берсін!
Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлының өңірімізге сіңіріп жатқан еңбегі зор. Оның барлығын күнделікті атқарылып жатқан жұмыстардан көре аламыз.
Мысал айтар болсақ, бір ғана Алакөл ауданы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 57 жоба іске асырылып, 613 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылды.
Игілігі халыққа молынан тиіп жатқан бағдарламаның арқасында аудандағы 32 әлеуметтік нысан, 15 көше, 3 тұрғын үй-коммуналдық және көгалдандыру, абаттандыру бойынша 7 жоба жүзеге асуда.
Сондай-ақ, бұл бағдарламадан бөлек «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында да бірқатар жұмыстар атқарылды.
Тірек ауылдарды дамыту мақсатында Қабанбай ауылдық мәдениет үйі мен ауылдық ауруханасы күрделі жөндеуден және жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 7 көше орта жөндеуден өткізілді.
Бүгінгі күнге мәдениет ошағы мен көшелер тұрғындарға қолданысқа берілді.
Халық дән риза. Жасалынп жатқан жұмыстарға өз алғыстарын білдіруде.
«Спорт — денсаулық кепілі» демекші, жас буынға жасалған осындай үлкен мүмкіндіктер арқасында облысымыздан Әлем бағындырар мықты спортшыларымыз шығары сөзсіз!!! 💪🏻😎