Барлық жаңа қызметке келген азаматтарға елдің тілегін сөзін тыңдайтын ,іс істеуге деген ықыласы ниеттері түзу болса екен деген тілеулестігімді білдіремін.Барлықтарыңызға Алла абырой мен сәттілігін берсін.
Жүлдыз қызым құтты болсын ел сенімін ақтайтыныңа сенемін.Іске сәт министр қызым Сіз үшін қуаныштымын.
Мына қиын заманда сақтансаң сақтаймын дегендей дұрыс осылай тексеруге шешім қабылданса тәртіпке бағыну керек ол Сіз бен Біздің амандығымызға қажет.Мен қолдаймын өз басым талап еткен кезде аяқ киімімді шештім лас болса болған шығар аман болсақ жуып алу ең оңай дүние.Берілген жауап үшін рахмет бұрын әйтеуір керек шығар деп ойлаушы едім.
Фейк таратқан адамды жауапқа тартпай ақ қойыңызшы.Қайдан білсін әйтеуір үйреншікті жағдай емес па қызмет ауыстырған басшылардың көбісі бірдеңе бүлдіреді немесе жеп қоятын әдеті еді ғой деген шығар деп ойлаймын.
Кешірім өтінемін Сіздің қызметіңізді бүгін оқып танысып отырған зейнеткер әжемін.Аман болыңыз бас аман болса қызмет табылады қызмет қолдың кірі.
Ұрыстың басы Дайрабайдың көк сиыры дегендей осы жағдайға жеткізген де соо екі қатарлап таққан тастар(бртллиант) болмасына кім кепіл?..
Таққан тастан не пайда жанына тыныштық жоқ.Сол брилианттар да міндет па.
Менің пайымдауымша сөз екі жақтанда шығады бұл жерде әңгіме дүние ақша брилианттардан басталған ба деп ойладым.Өзара түсіну сыйласу бірге қуану бірі үшін екіншісі қиналу деген көрінбейді.Дүние араласқан пайда мен алған берген айтылған жерде тыныштық пен сыйластыққа орын табылуы қиын.
Балам абыройың мен атыңның садақасы болсын әйеліңді ұрғаның еш заңға да ақтауға да жатпайды.
Қап әттеген ай жетіп тұрған жасөрімдер қателіктің нәтижесінде дүниемен қоштасты.
Ата аналарына сабыр берсін.
Мына заманда ата анаға өте сақ болу керек болу қажет болып тұр.
Осындай ауқымды тіршіліктің қайнаған ортасына біздің Қызылорда облысының әкіміндей нағыз іскер талапшыл елін жерін сүйетін адам барса керемет болар еді ау.
Алматы қаласының тұрғыны емеспін дегенмен халықтың пікірінен түсінгенім көпшілігінің көңілі толмайды.Болашақ әкімге үміткелер Нәлібаев мырзадан үлгі алса екен деп ой қосамын.
Бізде қала емес сонау түпкірдегі ауыл тұрғыны да ырза.
Банктен алған кредитті үкімет араласып халықты қарыздан шығарады көмектеседі дегенде елең ете қалғанымыз рас.
Кредит алғандарды ақымақ деп ойлау қателік.Жасым ұлғайған зейнеткер болсамда банктің алдында қарызбын.
Банкрот деп тану ережесі бойынша қарызын жылдап өтемегендерді тізімге алған сияқты.Ал мен сияқты тәртіпті өзім ішпесем де жемесем де алған қарызымды өтеуім керек деп Алладан қорқатын ел халықтан ұялатын адамдар банкроттық тізімге енбейтін сияқты.Менің пікіріме қосылатындар көп өйткені біздер үкіметке қарыз болмайық деп тістеніп жүрген аздап болсада ұяты барлардың кредиті кешірілмейді ау .
Ұтатындар тағыда не істесең соны істе деп жүргендер деп ойлап шиқылдап төлемді үзбей төлегеніме өкініп отырмын..
Әнші мырзаға ұят болды.Заңгердің айтқан заңды талаптарымен келісемін.Заң талаптарын белінен басып аға көкелері судан таза сүттен ақ демесе болар еді деп те қоямын Біздің елде көп нәрсе керісінше бола салады оған ешкім ойланбайды басын ауыртпайды.Дегенмен өте ұят іс болды.
Иман байлығын берсін.Біліп те білмейде істеген қателіктері болса Алла өзі кешірсін рақымына алсын.Уақытында еткен еңбектері ішіндегі ең қарапайым маңыздысы Қызылорда қаласы мен облы та мұғалімдер айлыққа демалыстық еңбекақысын ала алмай қиналып жүргенде қолымызды жалғап ақшамызды алдымен апта сайын бергізген еді содан бастап графикке түсірген осы Бердібек мырза болған.Үнемі ырзашылықпен еске алатын қызмет болған.Алдыңыздан жарылқасын қайырымды жақсы жан.Халқыңыз Сізге ырза.Сізде ырза болыңыз.
Жылына бір келетін демалысты балаларыңмен отбасыңмен бірге өткізу ынтымақ пен береке бірліктің бастауы.Бала бауырмал болуды үлкендер арасындағы отбасылық қарым қатынасты көреді үйренеді.Ал демалысты қалай ұйвмдастырамыз десек жасы 10-12жасқа дейін ауылға апарған бірге болған жөн.Бала шынайы өмірді шаруаны көзімен көріп қолымен ұстайды.Сауып жатқан сиырдың сүтін көрудің өзі үлкен жаңалық піскен ыстық сүт ішуі мәңгі есінде қалады .Енді есейе келе шетелге барсын теңізді көрсін басқа мәьениетті көрсін тіл үйренсін.Сәттілік.
Өте жақсы көрініс.Атыраулықтарға рахмет.Осы ұйымдастырған жұмысты бүкіл республикаға насихаттау бір күнді дәстүрлі ұлттық киімдер шеруі деп атау туралы ой бөлісейік.Келешек жастардікі осылай бас қосулар арқылы ұлттық құндылықтарымызға қол жеткіземіз.Маған ұнады қуанып отырмын.
Отаны халқы үшін жан берген деген осы .Жайдан жай жанын қимады өте қауіпті жағдайда қайтыс болған Ер сол үшін үкімет артында қалғандарына бар жағдайын жасауы дұрыс болар еді.Қайдағы бір болмайтын тиын тебенді жариялап отырғаны сырт адамға түрпідей тиеді.Адамның өмірі бағасыз байлығы болса енді не болды?Көп болып талап қояйық дұрыстап бағаласын жоғары наградаға ұсынсын.Жаны жаннатта болсын артта қалған жандарға Алла сабыр берсін.
Тіл білу сол елдің тарихы мен мәдениетін білу деген тұжырым бұрыннан бар.Тіл үйрену үшін адам мұқтаж болу керек.Демек Сіз ана тіліңізге мұқтаж емессіз ана тілін білмесеңізде Сіз сұраныстасыз яғни Сізде іштей шын пейіл ынта жоқ.Кешіріңіз балам алдымен пейіліңізді басқарыңыз қазақ тілді ортамен байланыста үнемі болыңыз.Ауызекі сөйлесу өзі ақ грамматикаға әкеледі Іске сәт.Сізге жаным ашиды.
Бір сәттік тегін дүниеге тап болған бейшара халықты сонша кінәлауға бәрімізде кереметпіз.Ал осы күнге дейін миллиардтап ұрлағандарды күнара оқып Алла мыналарға тойым жоқ екен дейміз де қоямыз бұл бір бізге қатысы жоқтай.Сол халықтың қазынасын мәдениетті ұрлағандардың әлеуметтік статустары мен сияқты қарапайым халық өкілінен жоғары ма намесе тегін палауға таласқандардан жоғары ма!?Екеуінің де соңғы әрекеті бірдей ғой .Тек сыртқы көрінісі әртүрлі .Жалпы бүкіл қоғамда тегінге ұрлыққа деген көзқарас бірдей.Түптің түбінде жоғары рангтегілерде осы топтың бір түрі.Әлеуметтік тәрбие жоқтың қасы.Кінәлі бүкіл қоғам.Мен ештеңе алмасамда сол қоғамның мүшесімін мойындаймын өте төмен тәрбиеміз әлі жетілмеген.Әркім өзінен бастасын.
Әлемдегі бар елден айырмашылығымызда,артықшылығымызда қонақжайлық пен кеңпейілімізде Шапан кигізу елдіктің белгісі Керемет болды.Дұрыс екен жарасымды ең бастысы денесі жылы ыңғайлы.Елдігімізді дәріптеген Жандарға ырзашылығымды білдіремін.Көңіл ортаймасын басқасына Тәуекел.
Мына кісі басын тықпаған жер қалмапты ау.Не деген тойымсыздық.Алматының айналасын түгел иемденген сияқты тіпті Жамбыл обылысынан да жер алып не болған.Сол жерлерді берген ба,сыйлағандар ма жауап бермей ма?Заң бәрімізге ортақ дегені қайда?.
Асхат балам Сізге де жақсылығы жақын болсын замандас, қызметтес әріптес болдыңыздар.Аман болыңыздар ел халықтың елең етер азаматының бірісіз Мен ұзақ жылдар білім саласында еңбек еттім Сіз жасаған , еткен еңбектеріңізді үнемі қадағалап жүрдім Ризашылығымды білдіремін.яБүгінгі күні мектеп тек күнделікті бағдарламаны берсе болды дейтін сияқты жеке жұмыс,түсінбегенін қайталап түсіндіру қосымша сабақ беру дегендей жеке оқушымен жұмыс тіптен шырақ алып іздесеңізде жоооқ. Керек па ақылы жұмыс істеушіні жалда.Сонда пән мұғалімі ұялмай жетістікке мен жеткіздім деп ойлай ма?Мектептерде мұғалімдер онша жаны ауырып жұмыс жасамайды деп айтсам қателеспеймін Артық болса кешірім сұраймын Сізге ісіңізге сәттілік.
Министр ханым Сізбен келіспейтін жандардың көп екенін өзіңіз ақ сезіп тұрған шығарсыз.Миллион адам алды десеңіз олар кімдер тексеріңіз көз жеткізіңіз тек халықтың ашуын келтірмей.Биылғы шекті шамаңыз былтырғыдан өзгерген ештеңесі де жоқ.Баяғы жартас сол жартас.