Полицейлерді барынша қолдау керек. Жұмыстары ауыр. Отбасына мүлдем уақыт бөле алмайды. Сондықтан жұмыстарыңызды жоғары бағалаймыз. Істеріңізге сәттілік!
Өте қуанышты жаңалық! Жарайсыздар полицейлер, жұмыстарыңыз алға бассын! Күні-түні іздеп, ақыры аман-есен тапқандарыңыз үшін! Осы тұста құрметті ата-аналар, балаларымызға абай болайықшы! Оларды көзден таса етпеңіздерші...
Қайтып келер есігіңді қатты жаппа дейді ғой. Оның үстіне өз эмоциясын ұстай алмайтын адамды қайта қызметке алу дұрыс емес-ау. Ал Қ. Дәлбеков өте керемет адам, қаншама тұрғындар оның іскерлігін, қарапайымдылығын жоғары бағалайды.
Осы министрге ризамын! Таза қазақша сөйлеп, қазақша ойлайды. Сонымен қатар, есеп беру кезінде де, бір қағазға қараған көрмедік. Нағыз білікті басшы, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Ел тыныштығын сақтауда сіздердің үлестеріңіз көп. Сол үшін рақмет!
Мықты, Түркістанның полицейлері жарайсыздар! Нәтижелі жұмыс. Сіздерге респект. Осы тұста жастарымыздың әрекеті қынжылтады. Тепсе темір үзетін шақтарында қылмысқа барып, оңай олжалы болғысы келетіндері ойландырады...
Ондай ондай хан қызында да болады. Ең бастысы жарақат алғандар жоқ. Екі жақтың қызметкерлері де өз кінәсін білді деп ойлаймын. Және тиісті жауапкершіліктері қаралыпты. Алдағы уақытта мұндай түсінбеушілік қайталанбаса болғаны.
Қазақ полициясы жақсы жұмыс жасап жатыр. Жаңа министр келгелі тіптен керемет, халыққа жақын бола түсуде. Қылмыстар азайып, ашықтық орнаған. Қызметтеріңізге сәттілік!
Сізді қолдаймыз министр мырза. Керемет жұмыстарыңыз алға бассын! Талабыңыз орынды, шыныменде қазір полицейлер халықпен етене араласып, кері байланыс, ашықтық орнатқан. Бұл оң нәтиже.
Істің ақ-қарасын анықтау қажет. Кінә бір жақтан ешқашан болмайды. Мен оңтүстіктің тұрғыны ретінде Шымкент қаласының полицейлері әділ жұмыс, тексеру жүргізетініне сенімдімін. Жұмыстарыңыз алға бассын, полицейлер!
Ішкі істер саласындағы қыз-келіншектер өте мықты. Олар ауыр қызметтерімен қатар, отбасын да алып жүреді. Ал ішкі істер министрінің болашақ полицей арулармен тілдесіп, ой-пікір алмасқаны дұрыс екен. Жарайсыз.
Түркістан облысының тұрғыны ретінде полицейлерге рақмет айтамын! Бұрынғыдай емес қазір бәрі дұрысталды. Қылмыс азайды. Алла сіздерді аман етсін! Істеріңізге сәттілік генерал мырза! Сізге сенеміз!
Құқық қорғаушыларға барынша қолдау білдіру қажет. Кешегі қаңтар оқиғасындағы әскерилердің жанқиярлығы, жас сарбаздардың батырлығы,полицейлердің жанашырлығы жұрттың есінде. Ерлеріміз аман болсын!
Сіздерге рақмет полицейлер. Елімізде орын алған қаңтар оқиғасында, басқа елдердегідей соғыс болмауы осы полицейлердің жұмысының нәтижесінде. Алла разы болсын сіздерге.
Иә, полицейлер тік тұрып қызмет етпесе, не боларын ойлағымда келмейді. Сіздерге рақмет, ел тыныштығы үшін отқа да, суға да түстіңіздер. Алла разы болсын!
Полицейлер ағайындылар,өте қиын да қауіпті саланың қазанында қайнап жүр екенсіздер. Ел тыныштығының сақшылары👍🏻. Нағыз жігіттер! Әрқашан осылай бірге абыройлы қызмет етіп, өсе беріңіздер.