Қолдаймыз. Егер әйел жәбір көрсе, ерлерден гөрі әйел тергеушілерге, психологтарға сене алады. Сондықтан бастамаңыз керемет. Осы бағытта қарқынды жұмыс жасай беріңіздер. Лайым еліміз тыныш, отбасымыз аман болсын!
Міне керемет, Түркістан облысының полициясы! Осылай жазалау керек ессіз жүргізушілерді. Ал, полицей Жұмабекке қатысты тексеру әділ жүргізілетіне сенеміз.
Иә, шынымен ішкі істер министрлігі халыққа өте ашық қызмет ұсынады. Жұмыстарына алғысым шексіз. Алаяқтық, ұрлық-қарлық, бұзақылық, тонау, одан басқа да ауыр қылмыстарды қауіпке бастарын тіге отырып, тыныштық үшін қызмет атқарады. Жарайсыздар. Тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс пікірлерге құлақ асады.
Бұл жерде ІІМ қоғамдық тәртіпсіздікті тоқтатуға әрекет жасады. Қолдаймын. Ал, Өзгерісті сол жердегі жергілікті билікке, мемлекеттік органдарға жүргізіп, жұмысты қағаз жүзінде емес, іспен жасауды қолға алу керек. Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға әкімдік білек сыбана кіріспей ме?! Ұлтаралық татулықты нығайтатын Ассамблея, аудандағы этнос орталықтары ай қарап отырма? Есеп берулерде бәрі керемет, жеткілікті, тату-тәтті. Ал, шын мәнінде жағдай басқаша секілді. Бірдеңе болса полицей демей, басқа да мемлекеттік органдардан жұмысты талап етейік!
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатқан полицейлерге қолдау білдірейік. Жағдайды ушықтырмайық. Жалған ақпараттар таратып, жанжалды бастағандар жазасыз қалмайды.
Былтыр Арыста жарылыс болған кезде Түркістан облысының полицейлері менің төсек тартып жатқан атамды аман алып шыққан болатын. Атамды қайтіп көрмейміз бе деп едік?! Сол кезде полицейлерден басқа көмектесетін ешкім болмады. Оларға рахмет. Тірі жанның барлығы өз бастарының амандығын ойлап, қашқан сәтте сол кісілер ғана көліктерімен келіп, көмектесті. Бұл жақсылықтарын ешқашан ұмытпаймын. Алла разы болсын! Сондықтан, кейбір блогерлердің болмашы нәрседен ши шығарып, полицейлерді жаман етіп көрсетуін мүлде қолдамаймын. Қылмыс болғанда бірінші кезекте блогерлер емес, полиция келеді. Менің айтқаным бір ғана мысал. Бұдан бөлек осы секілді түрлі жақсылыққа толы іс-әрекеттерін естіп, біліп жүрміз. Сол себепті, біреуді бас салып жамандамас үшін, жан-жақты ойланып әрекет етейік.
Негізінде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметі оңай емес. Басшысы ауыстырылып жатса, министр Тұрғымбаевтың бір білгені бар шығар. Шынында, ел арасында жаңа шешімдерімен, ұсыныстарымен ІІМ -ні жақсы жағынан танылуда . Сондықтан министр мырза, алға. Ойға алған істеріңіз алға баса берсін. Полиция қызметін ашық ету мақсатында жасап жатқан жұмыстарыңызға сәттілік.
Құдай басқа салмасын. Кез-келгеніңіздің балаңыз аурухана төсегінде қайтыс болса, кінәліні іздейтініңіз анық. Сондықтан асыра сөйлемейік. Полицияның баласы болсын, басқаның баласы болсын тиістілер жауапқа тартылу керек. Бұл менің өз ойым.
Ақшасы барды емдеген, ақшасы жоқты жерлеген заман демекші, қазіргі таңда ауырып, ауруханаға түссең, ақшасыз не таныссыз мүлдем емделе алмайсың. Дәрігердің қалтасына бес-он теңгесін салғасын барып, еміңді аласың. Адам өмірі ойыншық емес қой.
Меніңше Руслан Жанпейісов атты белсенді сымақтың ұсталғаны дұрыс болған. Кез-келген құқық бұзған жан, заң алдында бірдей жауапкершілікке тартылу керек. Қанша жерден белсенді болса да. Соңғы кезде полицейлерге жөн-жосықсыз тиісіп, дөрекілік көрсетіп еді. Не іліп алар сөзі жоқ, жай батыр болып кеткен . Әр нәрсенің соңы болатыны рас екен. Енді тиісті жауапкершілікке тартылады деп ойлаймын.
Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, басқалардың мазасын алғандар, шынында ойланар. Ұстады, демек ол дұрыс нәрсе жасамады. Заңға қайшы келді. Құптарлық іс, кез-келген адам заң алдында бірдей.
Шынында мереке күндері көптеген адамдардың не істеп жүргенін, не үшін жасағанын түсіну қиын болды. Дегенмен, арам ойда халықты шатастыру мақсатында жүргендердің ойы іске астыма деп қаласың, заңсыз митингілерді кқріп. Тілшілерге кедергі келтіргендердің кім екені анықталар. Ештеңе құпия боп қалмайды ғой. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсыншы.
Тыныш жатқан елді дүрліктіріп, кейбір арамза арандатушылардың сөзіне еріп, қиқулап жүрген жандардың ісін мүлдем дұрыс қабылдамаймын. Оданша, жақсы сөз-жарым ырыс деп, жақсы сөз сөйлеп, жақсы ой ойламасқа. Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын, деген әдемі с өз бар қазақта. Сондықтан, заңсыз шеру ұйымдастырып, алаңға шығуға толықтай қарсымын. Кейде ойлап қоям, тыныштыққа жаны қас адамдарда бар екен ғой деп. Бәрін айтта, бірін айт, бірлігіміз ажырамасын. Татау-тәтті ел болайық. Әркім өз міндетін жақсы атқарса болғаны. Сосын, полицейлерді қарақұлақ етпеңіздер! Олар бар болғаны, өз міндеттерін атқаруда. Бәріміз аман болайық!
Дұрыс, министрдің бастамасын қолдаймын! Кешелі бері, еліміздің бас полицейінің нақты ұсыныс-пікірлерін көріп,қуанып қалдық. Енді мынау , Қазақстанда шетелдік нөмірлері бар көліктердің жүруіне тыйым салынатыны құптарлық іс деп білемін ! Жаңадан бекітіліп жатқан ұсыныстар жүзеге асып, ІІО-ның қызметі жандана берсін!
Мен қолдаймын! Жарайсыз, министр мырза! Жалпы оқып отырған көлік жүргізушілеріне құлаққағыс ретінде айтсам: жылдамдықты шамадан тыс арттырмаңыз, мас халде көлікке отырмаңыз, қауіпсіздік белдігін тағыңыз, жол қозғалысы ережелерін орындаңыз, сонда сіз де басқа жол апатынаы орын алуына жол бермейсіздер. Ал, ережелерге қайшы келер әрекет жасасаңыз өзіңізбен қатар, өзгеніңде өміріне балта шабуыңыз мүмкін. Және айтарым, еліміздегі ой-шұқыры көп көшелер реттелсе дұрыс болар еді. Кейде, осыда жол апатына сылтау боп жатады.
Арыстық ағайынның амандығын тілейміз. Барлық ел дұғадамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Басымызға қиындық түссе, сабырлық сақтап, бірлікте болайық . Осындай сын сағаттар да ынтымағымыз мықты болсын! Тиісті мамандардың айтуынша, барлық шаралар жүзеге асып, қауіп толығымен жойылған. Аллаға тәубе! Түркістандық полицейлерге де мың алғыс! Әрқашанда осылай халықтың жанашыры болудан танбаңыздар! Арыс қаласынан келген жәбірленуші тұрғындарға көмек қолын созып, ас-суын қамтамасыз етуде екен. Үлкен рахмет. Ал, Жарылыстан жапа шеккен ел- жұртқа Алла жар болсын!