Елбасының Алғыс айту күні мерекесін атап өту өте дана шешім болды. Тұңғыш Президентке, көпұлтты Қазақстан халқына алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға амандық тілейміз! Алға, Қазақстан!
Еліміздің жетекші партиясы белсене атсалып, өзінің сайлауалды бағдарламасында белгіленген Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруда.
Партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған мақсаттар жоспарланған. Іс-шаралар жоспары іске асыру нәтижесінде елдің экономикасы одан әрі нығайып, бірқатар өзекті мәселелер оң шешілетін болады және халықтың хал-жағдайы жақсарады.
Барлық қабылданып жатқан бағдарламалар халықтың жақсы өмір сүруіне бағытталған. Бұл бағдарламалардың жұмыс істеп, ең шалғай ауылдарға жетуі үшін бар күшімізді салуымыз керек. Қазір әсіресе көп нәрсе жасалуда: мектептерді, жолдарды күрделі жөндеу мен көше жарығы орнатылуда. Сондықтанда осы қабылданған сайлайуалды бағдарламадан үмітіміз зор.
«Nur Otan» партиясы биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы шешім қабылдады. Праймериздің негізгі мақсаты-алдағы Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауында партиялық тізімдерді одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелестік күрес негізінде жаңа көшбасшыларды анықтау болып табылады. Сол себептен, барлығымыз ортақ мүдде үшін біріге отырып, осындай ауқымды да жауапты міндеттердің іске асырылуына атсалысайық.
Қазір бүкіл әлем ауыр уақытты бастан кешуде. Бірақ, Елбасының дана саясатының арқасында бүгінгі күні бүкіл мемлекет аумағында "Біргеміз" республикалық акциялары белсенді өткізіліп жатыр, соның аясында демеушілер, жеке кәсіпкерлер, бизнесмендер, партия мүшелері қайырымдылық көмек көрсетуде.
Праймериз партияның ең белсенді, нағыз көшбасшыларын анықтауға мүмкіндік береді. Праймериз нәтижесінде лайықты тұлғалар анықталып, ел басқаратын азаматтардың жаңа буыны қалыптасады деген сеніміз зор.