"Nur Otan" партиясының ел игілігі үшін атқарып жатырған ауқымды істерге қазақстандықтар әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Осы ретте, Тұңғыш Президент, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партия жұмысын одан әрі жақсарту жөніндегі тапсырмалары біздің тарапымыздан басшылыққа алынып, тиісті мекеме, ұйымдармен бірлесе отырып, алға қойылған міндеттерді орындау бойынша қажетті шараларды қолға алатын боламыз.
Біздің мемлекетіміздің жоғары құндылықтары-бұл адам және оның өмірі, әрқайсысымыз өзінің және барлық тума-туыстарының өмірі мен денсаулығына ерекше қамқорлықпен және үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің негізгі бөлігі.