ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
20 августа 2019 | 17:45

Мәскеуде қаражат жымқырғанын мойындаған Ерназар Нұриев жайлы не білеміз?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ерназар Нұриев. © kazakh.ru Ерназар Нұриев. © kazakh.ru

Мәскеуде "Мұрагер" қазақ мәдениеті қоғамының басшысы Ерназар Нұриев бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен тұтқындалған. Енді ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тengrinews.kz тілшісі Ерназар Нұриевке қатысты мәліметтерді жинады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеуде "Мұрагер" қазақ мәдениеті қоғамының басшысы Ерназар Нұриев бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен тұтқындалған. Енді ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тengrinews.kz тілшісі Ерназар Нұриевке қатысты мәліметтерді жинады.

Ерназар Нұриевке қандай айып тағылды?

Ерназар Нұриев - этникалық қазақ, Ресей азаматы. Желіде Нұриев туралы ақпарат көп емес. Әзірше Мәскеудегі қазақ қоғамының басшысына қандай айып тағылғаны ғана белгілі. Тергеушілер Нұриевті бюджет қаражатын жымқырды деп айыптап отыр.

Тергеу мәліметі бойынша, 2016 жылы "Алтын күз" қазақ әндерінің фестиваліне Мәскеу билігі екі миллион рубльге (11,5 миллион теңге) жуық қаражат бөлген. Бірақ бұл ақша толығымен фестивальға жетпеген. Мысалы, келісім бойынша байқау финалистері Мәскеудегі қонақүйде тұруы қажет болған. Бірақ тексеріс кезінде қатысушылардың ешқайсы көрсетілген қонақүйде болмағаны анықталған. Ал қонақүйдің ақшасы төленіп қойған екен.


Ерназар Нұриевтің "Алтын күз" фестивалінде сөз сөйлеген сәті. © oguznews.com

Іс материалдары бойынша, Нұриев берілген ақшаның 400 мың рублін (2,3 миллион теңге) өзіне алып қалған. Жедел топ пен арнайы жасақ қызметкерлері қазақ мәдениеті ұйымы басшысының үйін тінтіп шықты. Нұриев есікті ашпауына байланысты, арнайы жасаққа күш көрсетуге тура келген.

Әзірше тергеушілер бюджет қаражатын жымқыру бойынша бір эпизодты дәлелдей алды, оны Нұриев мойындаған. Енді ұйым басшысы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ерназар Нұриев қандай қоғамды басқарды?

Желіде Ерназар Нұриев басқарған қоғам туралы мәліметтер көп емес. "Мұрагер" қазақ мәдениетінің қоғамы 1989 жылы Мәскеуде құрылған. Бұл туралы Ерназар Нұриев "Новые ведомости" газетіне берген сұхбатында айтқан.

"Қашан да өзімізді қазақ мәдениетінің ұрпағы ретінде сезінетінміз, енді оны көпұлтты қоғамның дәулеті ретінде көрсетуіміз керек", - деген ол.

Биыл ұйымның құрылғанына 30 жыл толған. Былтыр берген сұхбатында Ерназар Нұриев ұйымның қандай мақсатта құрылғанын айтып берді.

"1989 жылы жас болдық, ол кезде әлі КСРО бар еді. Мәскеуге Қазақстан Республикасынан келген студенттер мен жұмысшы жастарға шынайы байланыс жетіспеді, жиналатын, іс-шара өткізетін жер болмады. Сондықтан жастарымыздың басын біріктіре алатын ұйым ашу мақсат болды", - дейді ол.

Айтуынша, ұйым тек қазақ жастарынан құралмай, барлық ұлт қабылдана берген. Тек Қазақстанда туса болғаны. Сондықтан, ұйым мүшесі ретінде орыс, қырғыз, тәжік және басқа да ұлт өкілдері тіркелген. Бір шарт - қазақ мәдениетіне жақын болу, Қазақстанның бір бөлігін өзімен бірге алып жүру.


© gallery.ru

"Мұрагер" қазақ мәдениеті қоғамының ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, ұйым мақсаты - қазақ мәдениетін зерттеу үшін барлық жағдай жасау, қазақ ұлттық әдебиетін, фольклорын, театрын, музыкасын, киносын дәріптеу, мәскеуліктерді қазақ дәстүрлері және мерекелерімен таныстыру.

Бүгінде ұйым түрлі іс-шаралар, байқаулар мен концерттер ұйымдастырып, мұқтаж жандарға көмектесумен де айналысады. Сондай-ақ, ұйымға қарасты би студиясы мен домбыра үйірмесі бар. Сонымен қатар, әуесқойлар арасында ойнайтын "Мұрагер" футбол клубы құрылған. 

"Алтын күз" қандай шара?

"Мұрагер" ұйымдастыратын басты шаралардың бірі - "Алтын күз". Ерназар Нұриевтің істі болуына осы фестивальдің тікелей қатысы бар. 2016 жылы ол Мәскеу билігінен 11 миллион теңгені осы фестивальді өткізу үшін алған делінеді.

Негізі, ол басында ән байқауы ретінде өткен. Ал бүгінде оның статусы өсіп, қазақ мәдениетінің фестивалі ретінде ұйымдастырылады. Фестиваль РФ Президентінің грантын жеңіп алған екен. Оған Ресей мен Қазақстаннан бөлек, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан секілді алыс-жақын елдерден қатысушылар келеді.

"Фестивальдің бірегейлігі - оған қазақтар ғана емес, барлық ұлт қатыса алады. Бәрін шақырамыз. Тәжіктер, өзбектер, қырғыздар, башқұрттар, татарлар, орыстар, немістер өнер көрсеткен. Бұл 2013-2017 жылдар арасында фестивальға келгендер. Олардың көбі лауреат атанды", - дейді Ерназар Нұриев.


2017 жылы өткен "Алтын күз" фестивалі. © oguznews.com

Жалпы, "Алтын күздің" тарихы 1989 жылдан басталады. Бірақ екі жылдан кейін Кеңес үкіметі тараған соң, бұл байқау өтпей қалған. Тек 2013 жылы қайта ұйымдастырыла бастаған. Қазір қазақ әндерінің фестивалі деген статуспен өтіп жүр.

"Концерттің басында қонақтар ұлттық тағамдардан дәм тата алады, жәрмеңке мен қайырымдылық акциялары ашылады. Сол уақытта хореографиялық, аспаптық және поэзиялық байқаудың қатысушылары өнер көрсетеді", - деген ұйым басшысы.

Биыл бұл шара қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр екен. Ерназар Нұриевтің қамалуы фестивальдің тағдырына қалай әсер ететіні белгісіз.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer