Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 декабря 2020 10:03

Әкімге үй, жарық шоуы және кофемашина

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

3,6 миллион теңгеге кофемашина немесе 63 миллион теңгенің жарық шоуы - ерсі естілетіні сөзсіз. Бірі үйім жоқ деп ақша бөлдіріп, пәтер алса, енді бірі 125 миллионға қорғаныш костюмін алған. Tengrinews.kz тілшісі биыл елімізде мемлекеттік сатып алуда болған даулы оқиғаларды жинады. 


3,6 миллион теңгеге кофемашина немесе 63 миллион теңгенің жарық шоуы - ерсі естілетіні сөзсіз. Бірі үйім жоқ деп ақша бөлдіріп, пәтер алса, енді бірі 125 миллионға қорғаныш костюмін алған. Tengrinews.kz тілшісі биыл елімізде мемлекеттік сатып алуда болған даулы оқиғаларды жинады. 

Әкімге арнайы 20 миллионға сатып алынған үй

2019 жылдың 7 ақпанында Павлодар облысындағы Май ауданында өңірдің экс-әкімі Ардақ Қаңтарбаевқа 20 миллион теңгеге үй сатып алынғаны хабарланған болатын. Аудандық ішкі саясат бөлімі өкілдерінің сөзінше, Қаңтарбаев 2016 жылы әкім болып сайланған кезде пәтері болмаған. Ал 2017 жылы мәслихат үй сатып алу үшін 20 миллион теңге бөлген.

"Ол кезде бұл Көктөбе ауылының маңында салынған, ережеге сәйкес жалғыз үй болды. Пәтер "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік басқаруында ашық конкурс арқылы мемлекеттік сатып алудың электрон порталында жүргізілді", - деп түсіндірген еді әкімдік өкілдері.

Ал 2019 жылдың 4 ақпанында Ардақ Қаңтарбаев өз еркімен жұмыстан шыққан. Бүгінде ол үйде ешкім тұрмайды.

422 мың теңгеге массаж креслосы                                             

Дәл сол күні түркістандық полицейлер массаж креслосын сатып алуға өтініш білдіргені белгілі болды. 2014 жылы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің психологиялық және эмоционалдық жағдайын жақсарту үшін инспектор-психолог лауазымы енгізілген. Оның қызметіне полициямен психологиялық жұмыс істеу кіреді. 2018 жылдың өзінде инспектор-психологтың көмегіне 472 адам жүгінген екен. Полицейлердің айтуынша, психолог сапалы әрі толыққанды жұмыс істеуі үшін, психологиялық релаксация үшін қажет құралдармен, соның ішінде, массаж креслосымен де жабдықталған.

2018 жылдың 13 шілдесінде массаж креслосын сатып алуға 750 мың теңге деген баға қойылған. Тендерге жеті жеткізуші қатысқан. Нәтижесінде тендерді ең аз баға қойған (422 мың теңге) компания жеңіп алған.

125 миллионға 500 костюм

Биыл 20 мамырда Желіде Алматы қаласы полиция департаментінің карантин кезінде жұмылған қызметкерлерге 500 Л-1 қорғаныш костюмдерін сатып алғаны хабарланды. Бір костюмнің бағасы - 250 мың теңге.

"Осы күнге дейін сатып алуға қатыспаған компаниямен 125 миллион теңгеге келісімшарт жасалған. Ал satu.kz сайтында бұл костюмдердің бағасы 12-60 мың теңге аралығында", - делінген Instagram желісінде жарияланған жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PROTENGE (@protenge.kz)

Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, наурызда төтенше жағдай режимі жарияланған соң полицейлерге қорғаныш заттарын алу керек болған. Бірнеше компанияның ұсыныстары мен бағасы зерттелген.

"Ең аз деген соманы ұсынған компаниямен 4 мамырда келісімшарт жасалды. Онда тауар сипаттамасына және бағасына сай болмаған жағдайда полиция департаментінің бұл келісімшартты бұзуға құқығы бары туралы бөлек тармақ бар. 6 мамырда полиция департаментіне костюмдердің үлгісі жеткізілді. Алматы қаласының полиция департаменті тауарды көріп, зерттеп, оның бағасына сай емес екеніне көзі жетіп, жазбаша түрде келісімшартты бұзатынын көрсетті", - деді департаменттегілер.

Келісімшарт 11 мамырда күшін жойды.

Қызыл және қара уылдырықтар

18 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы интернатта қайғылы оқиға болған еді. 10 бала жұқпалы аурулар ауруханасына түсіп, тағы бірнеше баладан ішек инфекциясы анықталып, төрт бала қайтыс болды. Артынша 20 мамырда интернатқа қымбат қызыл және қара уылдырық сатып алынғаны белгілі болды.

"Сатып алу арнайы ведомство бекіткен тамақтану нормасына сай жүргізіледі. Интернаттағы балалардың тамақтану нормасына қатысты айтар болсақ, ол денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 896-бұйрығына сәйкес қабылданған. Бұйрықта кофе қолдану туралы да айтылған. Жаз мезгілінде шығын 10 пайызға өсіп кетеді. Одан бөлек, ас мәзірінде қызыл балық, қызыл және қара уылдырық та бар. Яғни бәрі министрдің бұйрығына сәйкес жүргізіледі", - деп түсіндірген еді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Жасұлан Сәрсенбаев.

Одан бөлек, бұған дейін интернат арқылы қымбат азық-түліктер: ақсерке, бекіре уылдырығы, кофе, жылқы еті, сиыр еті және майшабақ алынған. Бірақ интернаттың экс-қызметкерлері мұндай өнімдер балалардың ас мәзірінде болмағанын айтып, бұл істі ШҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қолға алған.

63 миллион теңгенің жарық шоуы

3 желтоқсанда әлеуметтік желілерде Алматыда елорда күніне орай биыл жазда 63 миллион теңгенің жарық шоуы өткені туралы ақпарат пайда болды. Алайда оқырмандар бұл жарық шоуы шын мәнінде болмағаны, тек монтаж арқылы жасай салған деген күмәнін айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PROTENGE (@protenge.kz)

Бұл жоба 6 шілдеде Астана күніне жоспарланған екен, одан кейін бұл материалды ҚР Тәуелсіздік күніне пайдалану жоспарланыпты. Алайда өтпей қалған.

"Өкінішке қарай, елдегі және қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ол өтпейтін болды. 2020 жылдың 6 шілдесінде желіге әлеуметтік желілер үшін арнайы құрастырылған 3D mapping элементтері бар графикалық ролик орналастырылды. Көп жұмыс жүргізілгендіктен, барлық материал 2021 жылы жаппай іс-шараларға рұқсат етілгеннен кейін пайдаланылады", - деп түсіндірді әкімдік өкілдері.

Кейіннен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 63 миллион теңгенің жарық шоуы туралы пікір білдірді.

"Шоу да, отшашу да болған жоқ. Мұның бәрі бастапқыда жоспарланып, алдын ала дайындалған еді. Бірақ пандемия болатынын ешкім білген жоқ қой. Біз қазір де Еуропаның көп елінде жарық шоулары болып жатқанын көріп жүрміз, Ресейде де. Пандемия мәңгіге болмайтын шығар. Сондықтан туристердің назарын аударатын, қалалықтарға да өте қызық осындай шараларды біз елорда күніне орай ғана көрсетеміз деп ойлаған жоқпыз ғой", - деді қала басшысы.

1,2 миллион теңгенің кофемашинасы

Павлодардағы колледждердің бірі 1,2 миллион теңгеден үш кофемашина сатып алмақ болған. Облыстық білім бөлімінің мәліметінше, қымбат кофемашина жаңа мамандықтарда оқитын студенттерге, оның ішінде, кәсіби баристалар үшін қажет екен.

Басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы қаладағы технологиялық колледж жаңа мамандық бойынша лицензия алу жұмыстарын жүргізіп жатқанын, оның ішінде: бармен-бариста, даяшы, метрдотель, іс-шараларға қызмет көрсету жөніндегі менеджерлер дайындау жоспарланғанын айтады.

Мемсатып алу порталының мәліметінше, нәтижесінде кофемашинаны сату бойынша конкурсты алматылық фирма жеңіп алған. Олардың әрқайсы 687 мың теңгеден сатылған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 445.66   490.7   4.78 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети