Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 июня 2020 14:33

Ақтөбе облысында маусым айында 700-ден аса адам пневмония жұқтырған

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ақтөбе облысында маусым айының басынан бері 700-ден астам адам пневмония жұқтырған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысында маусым айының басынан бері 700-ден астам адам пневмония жұқтырған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маман маусым айынан бері облыстың қанша тұрғыны пневмония жұқтырды деген сұраққа жауап берді.

"Маусым айынан бастап осы күнге дейін 700-ден жоғары болып тұр. Соның 478-і қазір стационарда жатыр. Аудандар туралы айтсақ, провизорлық стационарларда 131 адам жатыр. Соның 80-і пневмония", - деді ол әкімдіктің онлайн-брифингінде. 

Облыс бойынша осы айдың басынан бері 18 адам пневмониядан қайтыс болған.

"Бүгінгі күні пневмониядан 18 адам қайтыс болды. Соның ішінде Теміржол ауруханасында қайтыс болды. Көбі үлкен жастағы адамдар, бірақ 1961 жылғы адам да бар", - деді ол.

Мамандар жерлестерінен шектеу шараларын орындауды сұрады.

Еске салайық, қазір бірқатар өңірде коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп, шектеу шаралары күшейтілді. Ал кей аймақта пневмониясы асқынған науқастарға ауруханада орын жетпей жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети