Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 февраля 2021 17:07

Аshyq-ты қолдануға ешкім мәжбүрлемейді - "Атамекен" пилоттық жобаға қатысты түсінік берді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында бизнес субъектілерінде коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендету мақсатында Ashyq пилоттық жобасы іске қосылды. Цифрлық мониторинг ретінде QR-код қолданылады. Алайда әзірге "Атамекен" ҰКП ешкімді QR-код немесе Ashyq қосымшасын қолдануға мәжбүрлемейді. Себебі бұл - пилоттық жоба. Толық тексерістен өткеннен кейін шешімі айтылады. Бұл туралы кәсіпкерлер палатасының Facebook желісінде өткен онлайн-брифингінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында бизнес субъектілерінде коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендету мақсатында Ashyq пилоттық жобасы іске қосылды. Цифрлық мониторинг ретінде QR-код қолданылады. Алайда әзірге "Атамекен" ҰКП ешкімді QR-код немесе Ashyq қосымшасын қолдануға мәжбүрлемейді. Себебі бұл - пилоттық жоба. Толық тексерістен өткеннен кейін шешімі айтылады. Бұл туралы кәсіпкерлер палатасының Facebook желісінде өткен онлайн-брифингінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейбір мықты деген кәсіпорынның өзі қиын кезеңді көтере алмай, жабылып қалды. Қаншама адам жұмыссыз қалды. "Атамекен" үкіметке қызметі тоқтаған салаларды біртендеп қауіпсіз жұмысқа қосу үшін ұсыныс жасады. Сондықтан "Атамекен" министрліктер ұсынған Аshyq жобасын қолдады. Бұл елімізде бар бизнесті сақтап қалудың жолы, амалы деп қарастырған дұрыс. QR-кодты Қытай, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, Германия, Аустрая, Франция бұрыннан қолданып келеді", - деді баспасөз қызметінің маманы Бибигүл Нысанбай Facebook желісінде өткен онлайн-брифингте.

Егер адам үйден шықпаса, ешкіммен кездеспесе және ПТР-тест жасамаса, мейрамханаларға кіре ала ма?

"Бұл жоба пилоттық сынама режимде қазір фитнес, спорт кешендері, спа орталықтарында ғана қолданылып жатыр. Қоғамдық тамақтану, сауда орталықтары, базар немесе ауладағы дүкенге барып, Аshyq-ты қолданудың әзірге ешқандай қажеттілігі жоқ. Сынама кезеңде сәтті, ұтымды нәтиже көрсетсе ғана, бұл жоба басқа орындарда да қолданылуы мүмкін. Алайда, нақты мұндай шешім жасалған жоқ және ешбір азаматты Аshyq-ты қолдануға ешкім мәжбүрлемейді. Әр адамның өз еркі бар", - деді Бибигүл Нысанбай.

Айта кетейік, жақында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Цифрлық даму министрлігі және "Атамекен" ҚР ҰКП бірлесіп, елдегі кәсіпкерлердің жұмысы біртіндеп ашылуы үшін Ashyq қосымшасын пайдалану туралы ұсыныс жасады.

Қазіргі кезде бизнес коронавирустың қайта өршу қаупіне байланысты айтарлықтай шектеулермен жұмыс істеп жатыр. Бір жағынан халық та осы режимге бейімделіп, әдеткі белсенділіктен бас тартуға мәжбүр. Ashyq  қосымшасы  QR-код және ПТР базасымен интеграция арқылы қоғамдық орынға келушінің ковид-статусын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша бизнес субъектісі – жобаға қатысушы санитарлық нормалармен қатар қосымша бақылауды қамтамасыз етеді.

Нысанға келушілер мен персоналдың індетті жұқтыру тәуекелдері азайғандықтан пилоттық жоба карантиндік шектеулер кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жалғастыру (қайта бастау) алгоритмдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

QR-код бизнес субъектісіне беріледі. Кәсіпкерлер пилоттық жобаға қатысу үшін жеке QR-кодты InfoKazakhstan.kz платформасы арқылы ала алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети