ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 сентября 2018 | 23:12

Астаналық ата-аналар мектептегі ақша жинау оқиғаларын ашық айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының сейсенбі күнгі шығарылымы білім саласындағы олқылықтарға арналды. Нақтырақ айтсақ, ұстаздар ата-анадан жөндеу жұмыстарына, сыныпқа қажетті құжат, оқулық сияқты қажеттіліктерге не себепті ақша сұрайды және ол қаражат қайда жұмсалатыны сөз болды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының сейсенбі күнгі шығарылымы білім саласындағы олқылықтарға арналды. Нақтырақ айтсақ, ұстаздар ата-анадан жөндеу жұмыстарына, сыныпқа қажетті құжат, оқулық сияқты қажеттіліктерге не себепті ақша сұрайды және ол қаражат қайда жұмсалатыны сөз болды.

Астанада тұратын көпбалалы ана Сағадат Убаева балалары үшін мектепке өте көп қаражат талап етілетінін ашық айтты. Сондай-ақ, ол өзінің бір баласын қазір дәл осы жағдайға байланысты ауылға оқуға жіберген, себебі қала мектебінді қаржы мәселесіне талап қатты дейді ол.

Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің басқарма басшысы Талғат Жәкенов болса білім саласында заң барлығы үшін ортақ және мектепте ақша жинау туралы алғаш естіп отырғанын мәлімдеді.

"Жалбы білім беретін мектептің барлығына мемлекеттік бюджеттен қаражат бірдей бөлінеді. Біріншіден, оқулық оқушының әлеуметтік жағдайына қарамай, барлығына теңдей беріледі. Екіншіден, мектепте ақ көйлек, көк көйлек деген форма болмауы керек, барлығына бірдей форма, үшіншіден, выпускнойлар мектепте міндетті емес. Былтырдан бастап тойлауға, ақша жинауға тыйым салынған. Мектепте аттестат салтанатты түрде тапсырылады, қолына аттестат алғаннан кейін бала мектеп есебінен шығарылады", - деген шенеунік бұл мәселеге ата-аналардың өздері кінәлі екенін айтты. 

Бағдарлама барысында эфирге хабарласқан көрермендердің бірі атаналардың жиналып, 150 мың теңгеге және тағы 80 мың теңгеге мұғалімге сыйлық алып бергенін айтып салды. Оның айтуынша, мұғалім мұндай қымбат сыйлықты еш қымсынбастан қабылдаған.

Студиядағы көрермендердің пікірі екіге бөлінді. Әрине, басым көпшілігі мектепке ақша жинау дұрыс емес десе, көпшілігі өз баламыз үшін ақша аяудың қажеті жоқ дегенді алға тартты. 

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі.

Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады. Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer