1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

"Ата-аналар мектепке кірмейді". Кезекші сыныптарда сабақ қалай өтетіні белгілі болды

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жаңа оқу жылында кезекші сыныптар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл бірінші сыныпқа 27 мыңнан астам оқушы барады. 

"Құжаттарды қабылдау электронды үкімет egov.kz порталы арқылы жүргізіледі", - дейді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Шолпан Кадырова 1 қыркүйектен бастап, қаладағы барлық мектеп қашықтан оқитынын атап өтіп, олар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

"Карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, бастауыш сыныптың оқушылары: бірінші, екінші, үшінші, төртінші сыныптар үшін кезекші сыныптардың жұмысы жоспарланып отыр. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде санитариялық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады. Оқу бірнеше ауысыммен жүзеге асады. Сыныптар кіші топтарға бөлінеді. Онда оқушы саны 10-15-тен апайды. Сабақтар бір кабинетте өткізіліп, үзіліс әртүрлі уақытта болады", - деді ол.

Білім басқармасының басшысы ондағы сабақтардың бір бөлігі қашықтан жүргізілетінін айтты.

"Әрине, санитариялық талаптардың сақталуы - басты міндеттердің бірі. Санитариялық нормалдарды сақтау үшін мектептер тепловизорлармен, дезинфекциялық және басқа қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Ата-аналар балаларын кезекші сыныптарға әкеледі, бірақ ғимаратқа кірмейді. Мектептің кіреберісінде дезинфекциялық кілемшелермен қамтасыз етіледі. Мектепке кірер кезде баланың температурасы өлшенеді. Қолды антисентикпен сүрту, масканың болуы міндеттеледі. Барлық қабаттағы әрбір кезекші сыныпта антисептиктер орнатылады", - деді Шолпан Қадырова.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы басқа өңірден келген жас мұғалімдерге жатақхана берілетінін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!