ПОДЕЛИТЬСЯ
22 мая 2019 | 20:26
Атырау маңындағы "пешеходтардың жолы" тұрғындарды таңғалдырды
Атырау маңындағы Жаңаталап ауылының бір көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері жұртты таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау маңындағы Жаңаталап ауылының бір көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері жұртты таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде жарияланған видеодан жол белгілерінің әр 30 метр сайын орнатылғанын көруге болады. Екі минуттық роликте жол белгілерінің саны 20-дан асып кетеді. Көлікте отырған бір топ ер адам көшеде бір-біріне өте жақын қойылған жол белгілерін көрсетіп, видеоның Жаңаталап ауылында түсірілгенін және шамадан артық орнатқандарды сынайды.
"Осының бәрін қалаға салса. 1 минут 30 секунд бойы бітпейтін пешеход. Бұл пешеходтардың жолы", - дейді кадр сыртындағы дауыс.
Атырау облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне бұл видеодағы деректі растады.
"Жол әлі қолданысқа берілмеген. Жолды салу жұмысымен айналысып жатқан "Атырауинжстрой ЖШС"-не стандарттарға сәйкес келмейтін жол белгілерін ережебұзушылықтармен орналастырғаны үшін ҚР ӘҚБтК 631-бабы ("Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын күтiп-ұстау қағидаларын бұзу") бойынша xаттама толтырылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, бұл жол белгілерін қайта жасау үшін Атырау қалалық тұрғын үй шаруашылығы бөліміне ұйғарым жолданғаны айтылады.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также