ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 июня 2018 | 10:20

Атырауда менингитке қатысты сұрақтарға жауап беретін Call-орталық ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Атырау қаласының тұрғындары менингиттің алдын алу жолы туралы кеңесті тәулік бойы ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау қаласының тұрғындары менингиттің алдын алу жолы туралы кеңесті тәулік бойы ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында менингит пайда болғанына байланысты Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті тұрғындардың қоңырауларына жауап беру үшін 24 сағаттық жедел желі ашуға шешім қабылдады. 98-02-92 нөмірі бойынша азаматтар инфекциялық аурулардан және эпидемиологтардан кеңес ала алады. Сондай-ақ, "шұғыл желі" сағатына тәулік бойы 3 оператор қызмет етеді.

"Алматы облысындағы менингит инфекцияларының таралуына байланысты біздің облыс тұрғындары осы аурудың алдын алу бойынша көптеген сұрақтар мазалайды. Көптеген адамдар бүгінгі күні менингиттен қалай қорғануға болатындығын, аурудан аулақ болу үшін қандай шаралар қолдану керектігін ойлайды. Сондықтанда, қаланың және облыстың тұрғындардың білгісі келетін барлық сұрақтарды 24 сағаттық Call-орталығына қоңырау шалу арқылы сұрауларына болады", - дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі менингококк инфекциясына байланысты елімізде карантин жарияланбайтынын айтқан еді. "Менингококк инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың санын жасырмаймыз. Қазір карантин жариялаудың қажеті жоқ. (...) Қазақстандықтардан дәрігерлер айтқан кеңестерді тыңдауларын сұраймыз", - деген еді Біртанов.

Сондай-ақ, осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген болатын.

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer