Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 июня 2019 20:08

Бекболат Тілеухан: Қай ел төңкеріс жасап, өзі отырған бұтағын өзі аралайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекболат Тілеухан. © egemen.kz Бекболат Тілеухан. © egemen.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан елімізде соңғы күндері болып жатқан толқуларға қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан елімізде соңғы күндері болып жатқан толқуларға қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл жағдайды тәуелсіздіктің екінші емтиханы деп түсіну керек.

"Ол жерде тұрған полицейлер де біздің бауырларымыз, көзі жәутеңдеп тұр. Эмоцияға беріліп жатқан менің ұлдарым мен қыздарым. Ал екеуін шағыстырып жатқан сондай бір қасіретті жағдайға итермелеп отырған трагедияға беріліп қою деген өте қиын қасірет. Тәуелсіздіктің екінші емтиханы басталды", дейді мәжілісмен.

Сондай-ақ, оның пікірінше, Қазақстанға сыртпен қарым-қатынас жасайтын дипломат керек.

"Осы нәрсенің бәріне мұрша беру үшін жасайтын ақыл, сабыр, тарихи таным, осының бәрін терең түсінетін зерделі түрде түсінетін қазақтың ұлағатты бір тектілігі қажет. Ал алаңға шығып кім мұратына жетіпті. Қай ел төңкеріс жасап, өзі отырған бұтағын өзі аралайды? Әблязов ішіне қан қатып қалған адам. Ол кегін алу үшін ешкімнен, ештеңеден аянбайды. Өзі де "Қазақстанға әсер ету үшін қырғыздың революциясын мен жасадым" деп өзі де айтқан. Сонда қаншама қанды мойнына алып, қаншама жетімді, қаншама сынған тағдырларды мойнына алып, осы күнәсін мойындап отырған адамға сеніп отырған ағайынға мен таңғаламын", - дейді Бекболат Тілеухан.

Қайрат Нұртас митинг кезінде ұсталғандарды босатуды сұрады

Еске салайық, кеше, 10 маусымда "Алматы Арена" маңындағы алаңда құқық қорғау органдары жиналған адамдарды ұстаған. Полицияға жеткізілгендердің саны белгісіз. Кейін олардың ішінде танымал айтыскер Ринат Зайытовтың болғаны анықталды. Кейін ол босатылған. Артынша ол алматылықтарды сабырға шақырып, үйге тарауын сұрап, видео жариялаған. Бұдан кейін Алматыдағы Полиция департаментінің ғимараты алдында адамдар жиналып, оны босатуды талап еткен. Оқиға орнына Зайытов келіп, халықты тағы да сабырға шақырған. Алайда жиналған жүздеген адам Төле би көшесінің бойымен жүріп, көшеде кептеліс пайда болған. Артынша полицейлер тағы да ұстау шараларын жүргізген.

Айта кетейік, митинг кезінде Tengrinews.kz тілшісі жарақат алған. Кейін бұл дерек бойынша Алматы полициясы қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Мұның алдында Tengrinews.kz тілшісі 9 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен митинг кезінде полицияға 500-ге жуық адамның жеткізілгенін хабарлаған. Тоқаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында сайлау қарсаңында құқық қорғау органдарына барынша ұстамды болуға тапсырма бергенін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети