ПОДЕЛИТЬСЯ
18 октября 2018 | 21:32
"Бүгін жапса, ертең шығамын"- Полицейді қаққан автобус жүргізушісі
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Полиция бізді қорғай ма, қорлай ма?!" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Полиция бізді қорғай ма, қорлай ма?!" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бағдарлама барысында Ерденбай Құсайынов өзіне жала жабылғаны туралы баяндады. Оның айтуынша, ол автобус жүргізушісі қызметіне орналаспақшы болған. Сөйтіп, стажер болып жүрген үшінші күні осы оқиға болған.
Құсайыновтың сөзіне қарағанда, Астанада автобустарға арналған яғни, Bus Line жазуы жазылған жерге көліктің тоқтауына тыйым салынған. Әйтсе де, сол жерде МАИ қызметкерлерінің көлігі тұрыпты. Полицей бір көлікті тоқтатып, автобус сол көліктерді айналып өтпекші болғанда Ерденбай Құсайынов байқаусызда МАИ қызметкерін автобуспен түртіп кеткен.
"Ол тоқтатқан көліктің жүргізушісі бар, мен бар, тағы бір жігіт бар МАИ қызметкерін қолтықтап аялдамаға әкелдік, ол өз аяғымен жүріп барды. Жедел жәрдем мен МАИ шақырттым. Менің жүргізуші куәлігімді, ал оны ауруханаға алып кетті", - деді Құсайынов.
Ерденбай Құсайыновтың айтуы бойынша, осы істен кейін МАИ қызметкерлері қала ішінде автобус тоқтайтын жерлерге тұрмайтын болған. Енді ол кезекті сот ісін күтіп жүр. Ол өзінің жазықсыз екенін дәлелдегісі келеді.
Осы оқиғадан кейін Ерденбай Құсайыновтың денсаулығы нашарлаған.
"Осыдан кейін аяғым мен қолым істемей, тұратын жерім де жоқ. Әрине, МАИ қызметкерлерінің барлығына бірдей топырақ шашпаймын, бірақ "бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" деген сөз бар", - деді ол.
Ерденбай Құсайыновтың айтуынша, оның жалғыз қызы бар. Ол Омбыдағы медициналық оқу орнына оқуға түсіпті.
"Кінәсіздігімді дәлелдемесем атым өшсін. Мен жалғыз қызымды асырау үшін бәріне барамын. Қызым Омбыдағы жоғары оқу орнына грантқа түскен. Егер мені бүгін жапса, ертең шығамын", - деді ол.
Ал бағдарламаға белгілі бір себептермен келе алмаған Жанар Көпенова полиция қызметкерінің мас күйде жол ережесін бұзып, көлікті қаққанын айтады. Оқиғаның салдарынан оның 3 жасар қызы қайтыс болыпты.
Бағдарлама барысында қоғам қайраткері, Мәжілістің экс-депутаты Ирак Елекеев шетелдік тәжірибелер туралы айтып берді. Оның айтуынша, дамыған елдерде полицейлер ешқашан жалғыз жүрмейді, олар қызметке екеу болып шығады. Солайша, екеуі бір-бірінің әрекетін бақылайды.
ҚР ІІМ ресми өкілі, департамент директоры Алмас Сәдубаев Қазақстанда құқық қорғау органдарының қалай жұмыс істейтінін және Ішкі істер министрлігіне қарасты қандай құрылымдардың бар екені туралы баяндап берді.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также