ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
30 октября 2023 | 11:55

"Бізді базармен салыстырмаңыздар!" Ісмер әйел қыз жасауын тігуден түсетін пайда туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Massaget.kz Massaget.kz

Қызылордалық тігінші Шайхы Өтепованың әр күні тігін машинасының алдында өтеді. Көптеген жыл базарда сауда жасаған ол 3 жыл бұрын кәсіп ауыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордалық тігінші Шайхы Өтепованың әр күні тігін машинасының алдында өтеді. Көптеген жыл базарда сауда жасаған ол 3 жыл бұрын кәсіп ауыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шайхы Өтепова Қазалы ауданының орталығында тұрады. Бүкіл жұмыс үйінің бір бұрышында бітеді. 3 жылдан бері қанша сәбидің бесік жапқышын, қанша қыздың жасауын тіккені есінде жоқ.

"Қыз жасауының құрамында 6 көрпе, 4 жастық, махаббат, құда-құдағай топтамасы, шәй көрпе болады. Сонымен қатар, шымылдық, сәукеле, сөмке, тағы сол сияқты дүниелер тігеміз", - деді ол.

Ісмер әйел жұмыс жүктемесі көбейген кезде ғана қос көмекшісіне жүгінеді. Басқа уақытта тапсырысты бір өзі бітіруге тырысады. Кез келген бұйымның тігісі, ою-өрнегі, ұсақ-түйегіне дейін тап-тұйнақтай болғанын қалайды. Көмекшілерінен де соны талап етеді.

"Көрпе-төсектің жібін мұқият өріп тігемін. Сол кезде ол матаның сыртына шықпайды, жалбырамайды. Ұзақ уақыт бойы пайдалануға жарайды. Базардағы сырттан әкелінген дүниелердің алқам-салқамы шығып, оюы немесе құрағы бір-біріне сәйкес келмейтінін көріп қынжыламын. "Біз бен базарды салыстырмаңыздар!" деймін клиенттерге", - деді Шайхы Өтепова.

Ұзатылатын қыздың жасауын ол көмекшілерімен бірге бір айда тігіп аяқтайды. Сондағы таза пайда 100 мыңнан аспайды екен.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer