Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 января 2021 13:18

Денсаулық сақтау министрі неге әлі вакцина салдырмағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны неге әлі күнге салдырмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны неге әлі күнге салдырмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде министрге вакцина салдырған-салдырмағаны туралы сұрақ қойылды. Министр әлі вакцина салдырмағанын айтты. 

"Әзірше қазақстандық та, ресейлік те вакцина салдырмадым. Қазір біз қорытынды нәтижені күтіп отырмыз. Содан кейін алғашқылардың бірі болып вакцина салдырамын. Вакцина Қазақстанда ресми түрде тіркеліп, жаппай вакцинацияға шыққан сәтте міндетті түрде. ", - деді Цой ОКҚ брифингінде.

Журналист министрден неге ресейлік вакцинаны қолдайтынын және қазақстандық вакцинаны қолдамайтынын сұраған. Бірақ Цой мұндай бөлінушілік болмауы үшін және екі вакцина да қауіпсіз екенін дәлелдеу үшін министрлік қызметкерлерінің жартысы ресейлік, ал жартысы қазақстандық вакцина салдыратынын айтты.

"Бірақ біз әзірше нақты тіркелуін және тиімді әрі қауіпсіз екенін тексеруді күтіп отырмыз. Осыдан кейін салдырудан бас тартпаймыз, ешқандай да проблема жоқ. Біз де бұл қауіпсіздігіміздің басты факторларының бірі деп есептейміз", - деді денсаулық сақтау министрі.

Алайда журналист білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ, шетелде де шенеуніктер вакцина салдырып жатқанын айтты. Бұл ретте министр шенеуніктердің вакцина салдырып жатқанын "жақсылық нышаны" деп атады.

"Мынаны түсініп алу маңызды. Денсаулық сақтау министрі вакцина салдырса бұл халықты вакцина салдыруға шақыру деп есептеледі. Бұл вакцина қауіпсіз әрі тиімді екені дәлелденгені. Сондықтан біз медициналық жұмысшы ретінде, осы саладағы маман ретінде оның қауіпсіз әрі тиімді екеніне кепіл болуымыз керек. Қазір ол клиникалық сынақтың бірінші және екінші фазасында қауіпсіз әрі тиімді деген қорытынды алдық. Реттеуші ретіндегі біздің міндет - барлық қажет қорытындыны алған соң вакцина салдырып, оны көрсетеміз. Себебі халық оның тиімді әрі қауіпсіз екенін түсінуі керек. Қазіргі уақытта вакцина салдырғандарға келсек, бұл ерікті шара, әркім өзі шешім қабылдайды, бұл клиникалық зерттеу аясында жүріп жатыр. Мұндай зерттеуге қатысу үшін күн сайын дене қызуын өлшеп, қосымша барып, тексерілу керек. (...) Сондықтан біз жаппай вакцинациялау басталғанда әрекет етеміз", - деді министр.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте Қазақстанда 714 адамнан коронавирус анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети