ПОДЕЛИТЬСЯ
28 апреля 2018 | 10:12
Елімізде қандай мекемелерде видео түсіруге рұқсат етілген?
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеоларда ролик кейіпкерлері өзін видеоға түсірмеуді талап етеді. Түсірген видеоны әлеуметтік желіде жариялау мәселесі де маңызды. Тengrinews.kz тілшісі осы екі мәселе бойынша заң не дейтінін, заңды заңгерлердің қалай түсіндіретінін анықтап көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеоларда ролик кейіпкерлері өзін видеоға түсірмеуді талап етеді. Түсірген видеоны әлеуметтік желіде жариялау мәселесі де маңызды. Тengrinews.kz тілшісі осы екі мәселе бойынша заң не дейтінін, заңды заңгерлердің қалай түсіндіретінін анықтап көрді.
Заңгер Сергей Уткин қай жерлерде видео түсіруге тыйым салынғанын айтты.
"Заң бойынша фото және видеоға түсіру мынадай нысандарды түсіруге тыйым салынады: Қауіпсіздігі әр түрлі деңгейлі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде (әкімшілік рұқсат берген жағдайда ғана түсіруге рұқсат); Сот залында (төрағалық етіп отырған адамның рұқсатымен)", - дейді Сергей Уткин
© tz-video.ru
ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары туралы 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 Заңының 1-бабы 4-тармағы бойынша, Бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейнежазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны.
Осы орайда заңгер Сергей Уткин "интернет-ресурстарды қоса алғанда" деген сөзді негізге ала отырып, елімізде кез келген адам, яғни әлеуметтік желіде тіркеліп, қандайда бір контентті ұсынып отырған қолданушы БАҚ өкілі ретінде есептеледі. Сол себепті кез келген әлеуметтік желі қолданушысына жоғарыда аталған тыйым салынған мекемелерден басқа жерде видео түсіруіне рұқсат берілген. Қандай да бір заңбұзушылықты не тәртіпсіз қылықты видеоға түсіруге кедергі келтірген адам заң алдында жауап береді.
© ngs.ru
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы кодекстің 14-бабында ("Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату") қандай жағдайда видеоға түсіруге болатыны анықтап жазылған.
"Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады. Бұқаралық ақпарат құралдарына БАҚ өнімдерін дайындау, жариялау, қайталап көрсету және тарату кезінде мынадай жағдайларда бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді:
Егер осы адам ойын-сауық мәдени-бұқаралық, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, жиналыстарда, митингілерде, шерулерде немесе демонстрацияларда және өзге де бұқаралық іс-шараларда болса немесе оларға қатысса; Егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі және осы адамның қызметтік жұмысымен және (немесе) жария қызметімен байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа; Егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылатын болса.Сонымен қатар, ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабы ("Өз бейнесiне құқық") бойынша, қандай да бiр адамның сурет бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ.
Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келiсiмiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келiсiмiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi. Егер заң құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса, ондай келiсiм талап етiлмейдi.
Кез келген суретті не видеоны пайдалануда қандай мақсатпен жасалғаны маңызды.
© regionsamara.ru
Бұрындары ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымов полицейлерді видеоға түсіруге бола ма? деген сұраққа былай деп жауап берген еді.
"Азаматтық кодекс полицейлерге де қатысты, оған сәйкес егер адам өзінің суретінің басқа бір жерлерде таралуын қаламаса онда түсіруге тыйым салынады. Бұл заңмен қудаланады, бұл біріншіден. Екіншіден, егер полицей өз ісімен айналысып жүрсе, яғни оқиға орнын тексеріп, тергеу жүргізіп жүрсе, бұл жағдайда камераға түсіруге тыйым салынады. Бірақ жол полициясы қызметіне қатысты, біз қазір "Жол полициясы туралы" заңға мынадай толықтыру енгіздік. Яғни, сізді тоқтатып, xаттама толтырған жол полицейін түсіруге болады, бұл заңды" - деген еді министр.
ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы кодексінің 18-бабында былай делінген: "Тұтынушыда тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттың болмауы оны куәлардың айғақтарына, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарға және басқа да дәлелдеу құралдарына, оның ішінде фото- және (немесе) бейнетіркеуге сілтеме жасау құқығынан айырмайды".
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также