Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 октября 2021 09:19

Эпидахуал бойынша алдағы үш айға болжам жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews Фото: Тengrinews

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал бойынша алдағы үш айға болжам жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал бойынша алдағы үш айға болжам жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты. 

"Эпидемиологиялық жағдай бойынша алдағы үш айға болжам жаңарды. Пессимистік сценарий бойынша, қарашада күніне орташа 1800 жағдай тіркеледі, желтоқсанда 2350 жағдай, қаңтарда 3000. Шынайы сценарий бойынша, қарашада күніне 1650 жағдай, желтоқсанда 1600 жағдай, қаңтарда 1500 жағдай тіркеледі. Оптимистік сценарий бойынша, қарашада күніне 1500, желтоқсанда 1100 жағдай, қаңтарда 650 жағдай тіркеледі", - деді министр. 

Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттану көрсеткіші 11 пайызға төмендеді.

Бүгінде "жасыл" аймақта сегіз өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы. Бес өңір "сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары. "Қызыл" аймақта төрт өңір - Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда науқас деңгейі 4,5 есеге, ал өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді.

Еске салайық, 26 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 931 137 жағдайы анықталған, оның ішінде, 874 647 адам аурудан айықса, 11 975 адам қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети