04 апреля 2019 | 18:54

Гауһар Әлімбекованың кінәлі екеніне дәлелім бар - Шағымданушы Назарова

Гауһар Әлімбекова сот залында ©Тengrinews.kz

Алматы қалалық сотында Гауһар Әлімбекованың ісіне қатысты кезекті апелляциялық сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық сотында Гауһар Әлімбекованың ісіне қатысты кезекті апелляциялық сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл істің басты фигуранты Феруза Ордабаева жәбірленуші Бақыт Назарованың ақшасын кімнен алғанын айтпады. 

Реклама
Реклама

"Маған ақшаны Гауһар Әлімбекова алып келген жоқ. Бірақ нақты кімнің әкелгенін айтуға қарсымын. Тағы біреудің сотталып кеткенін қаламаймын. Бірақ маған берілген ақшаның бәрін түркиялық азаматқа өткіздім", - деді Ордабаева.


Ордабаева Әлімбекованың қатысы жоқ екенін басып айтты

Ал Назарованың адвокаты прокурордың апелляциялық шағымына жазбаша түрде қарсылығын білдірді. "Гауһар Әлімбекованың бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырудың қиысыны жоқ. Себебі ол өз кінәсін мойындамады. Бірінші деңгейдегі сот бекіткен жазаны қалдыруыңызды сұраймын", - деді адвокат.

Айыпталушылар тарапы әншінің кінәсін дәлелдеу үшін Әлімбекова мен Назарованың арасында болған әңгіменің аудиожазбасын дәлел ретінде өткізген. 

Бірақ әншінің қорғаушысы аудиожазбаны дәлел ретінде енгізуге қарсы болды. "Мұнда Гауһар Әлімбекованың кінәлі екенін дәлелдейтін ештеңе жоқ. Аудио адамнан жасырын түрде жазылған. Яғни ол заңға қайшы. Сондықтан, заңсыз дәлелді іске тіркеуге қоспауыңызды сұраймын", - деді әншінің қорғаушысы.

Назарованың өзі істің қалай басталғанын айтып берді. 

"Әлімбекова несиеге 40 мың доллар алып, Феруза Ордабаева арқылы үй сатып алуды ұсынған. Мен бәрін айтқанындай жасадым. Міне, алты жыл болды. Үй де жоқ, ақша да жоқ. Несиемді төлей алмай, қарызға баттым. Гауһар Әлімбекова "мен одан ақша алған жоқпын" деп зар қағып жүр. Ал оның туған сіңлісі Гүлнар YouTube желісінде "Әпкем 40 мың долларды алды да, оны кеңсеге тапсырды. Гауһардың еш кінәсі жоқ" деп айтқан. Мен оны флэш-жадқа жазып әкелдім, дәлел ретінде өткіземін. Сіңлісінің өзі Гауһардың қылмысқа тікелей қатысы бар екенін әшкерелеп тұр. Бұл - нағыз айғақ, демек менде бұлтартпас дәлел бар", - деді Назарова.


Назарова сотқа бірнеше беттік мәтін дайындап әкелген


Флэш-жад дәлел ретінде тіркелмеді

Бірақ істің прокуроры флэш-жадты дәлел ретінде қосудың қажеті жоқ екенін айтты.

"Бұл - Гүлнар Әлімбекова үкім шыққаннан кейін жылап отырып айтқан сөзі. Оны дәлел ретінде тіркеуге болмайды. Оның үстіне, айыптаушылар қазір 80 мың доллар сұрап отыр. Бұл - барып тұрған бопсалау", - дейді Әлімбекованың үш қорғаушысының бірі.

Қорғаушының бұл пікірін әріптесі жалғап әкетті. 

"Әлімбекова 10 миллион теңге ұсынған. Бірақ Назарова бас тартты. Меніңше, оның мақсаты - Әлімбекованың атына кір келтіру", - дейді ол. 


Әлімбекованың адвокаты Назарованың бопсалап жатқанын айтты

Сот алқасы келесі отырысты 10 сәуірге белгіледі.

Бұған дейін осы істің басты фигуранты Феруза Ордабаева өз кінәсін мойындап, Әлімбекованың қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан болатын. Ал Әлімбекова өзіне жала жабылғанын мәлім еткен. 

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Көп ұзамай, әнші сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылған. Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген.

Айта кетейік, әншінің "Ақ келін", "Көктемге хат", "Жас келін", "Қыз сезімі", "Оралшы махаббат", "Ақмаралым" әндері жұртшылыққа кеңінен таралып, танымал болған. Оның әніне жазылған өлеңдерді танымал эстрада жұлдыздары орындаған.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная