Все о китайских авто

Жай қосулы тұрған теледидар балаға несімен қауіпті?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ru.freepik.com Фото: ru.freepik.com

Қазір 3 жастағы балалардың көбі дұрыс сөйлей алмайды, бірақ планшеттен сүйікті мультфилімін оңай таба алады. Біз гаджеттердің арасында өмір сүріп үйреніп қалдық, алайда олардың бала миына қалай әсер ететінін ұмытып барамыз.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазір 3 жастағы балалардың көбі дұрыс сөйлей алмайды, бірақ планшеттен сүйікті мультфилімін оңай таба алады. Біз гаджеттердің арасында өмір сүріп үйреніп қалдық, алайда олардың бала миына қалай әсер ететінін ұмытып барамыз.

Бала тамақты тауысып қоюы үшін, оны киіндіріп жатқанда жыламас үшін немесе кезекте тұрғанда баланы тыныштандыру үшін оған телефоннан мультфильм қосып беруіңіз мүмкін. Бір күнде болған барлық жағдайды еске түсірсеңіз, кейде экран алдындағы уақыт бір сағаттан асып кетеді. Мысалы, 1 жасқа толмаған бала үшін бұл уақыт өте қауіпті: ол бала дамуын бұзады.

Бала гаджетпен ерте танысса, ол оның тілінің шығуын тежеуі мүмкін. Логопед Шәйкенова Назгүл Серікқызы Massaget.kz тілшісіне гаджет бала тілінің дамуына қалай әсер ететінін айтып берді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Гаджеттердің бала тілінің кеш шығуына әсері бар. Ата-ана 3 жасқа дейін баланы смартфоннан алыс ұстағаны жөн. Өйткені бұл жаста баланың тілі қарқынды дамып жатады. Тек тілі емес, бұл жаста бала әртүрлі қылықтар шығарып, мінезі өзгере бастайды. Осы кезде гаджетті көп қолданған баланың назары дайын бейнеге ауады, сөйлеу қажеттілігі азаяды. Соның салдарынан баланың сөздік қоры аз қалыптасады. Сондықтан ата-ана бұл кезеңді жіберіп алмауы тиіс. Баламен көбірек ойнауға кеңес берер едім. Теледидар көрсеткеннің өзінде анасы өлең-әндерді балаға айтып отырғаны жөн. Сонда бала жәй теледидарды көріп, оны дыбыстық қабылдамай, анасының таза дыбысты өз артикуляциясымен шығаруы арқылы визуалды қабылдайтын болады", - деді Назгүл Серікқызы.

Балалар өз өмірінің алғашқы жылында жоғары қарқынмен дамиды, тіпті, аз экрандық уақыттың өзі оның дамуына қауіп төндіреді. Көзге шамадан тыс күш түскен кезде бас миының қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады.

Ал 2 жас пен 4 жас аралығындағы балалардың экрандық уақыты күніне 1 сағаттан аспауы керек. Бұл жерде баланың экрандық уақытты қалай алып жатқаны маңызды емес: ол мультфильм қарауы, планшетте ойын ойнауы немесе теледидар жай фон ретінде қосулы тұруы мүмкін.

Фон ретінде қосулы тұрған теледидар да бала үшін қауіпті

Көпшілік үйде теледидарды ешкім қарамаса да, ол күні бойы фон ретінде қосулы тұрады. Ата-ана ол балаға ешқандай зиянын келтірмейді деп ойлайды. Олар баланың жөнді теледидарға қарап отырмағанын айтады. Алайда қарапайым фонның өзі де экрандық уақыт болып саналады. Дәрігерлердің пікірінше, фондық шулар — балаларда сөйлеу дамуының кешігуінің негізгі себептерінің бірі.

Экранға тәуелділік

Экрандар миға есірткі секілді әсер ететіні ешкімге құпия емес. Экрандарға қарау кезінде ләззат гормоны бөлінеді, сондықтан да ми оны қайта-қайта сұрай береді. Ашық түстер, жиі жылтылдайтын суреттер, жылжымалы эффекттер, интерактивті элементтер және түрлі өткір дыбыстар миға күшті ынталандырушы әсер береді. Бала оған қараған кезде "теледидар қосылды — ми сөндірілді" эффектісі іске қосылады.

Экранға тәуелділіктің салдарлары:

  1. жиі ашуланшақтық;
  2. ұйқы проблемалары;
  3. жылауықтық;
  4. гипербелсенділік;
  5. өздігінен ойнай алмау;
  6. әлеуметтік проблемалар;
  7. шығармашылық ойлаудың төмендеуі;
  8. қиялдың жетіспеуі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 512.44  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 29
Астана 29
Актау 25
Актобе 25
Атырау 27
Б
Балхаш 35
Ж
Жезказган 28
К
Караганда 31
Кокшетау 33
Костанай 40
Кызылорда 30
П
Павлодар 30
Петропавловск 28
С
Семей 32
Т
Талдыкорган 33
Тараз 38
Туркестан 26
У
Уральск 26
Усть-Каменогорск 35
Ш
Шымкент 33

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer