Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 июля 2020 13:31

"Желіде біреулер хайп жасап жатыр" - Алматы әкімінің орынбасары дәрі жоқ деп жазғандар туралы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

"Әлеуметтік желілерде әлі күнге дейін біреулер хайп жасап жатыр". Бұл пікірді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Әлеуметтік желілерде әлі күнге дейін біреулер хайп жасап жатыр". Бұл пікірді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұяқбаев қаладағы стационарларда дәрі жеткілікті екенін атап өтті.

"Стационар нысандарды қамтамасыз ету үшін арнайы штаб бар. Тауардың барлық түрін бұл нысандарға бірден жеткіземіз. Дәрі жетіспеушілігінің себебі (қалада - авт.) ... Басты себебі, өздеріңіз білесіздер, көбі бізде коронавирус жаппай таралады, жұқтырғандар көбейеді деп күтпеді. Сондықтан халық дүрбелеңге салынып, дәрілерді қораптап ала бастады. Барлық үйде термометр бар. Бұрын Алматыда жылына 100 мың термометр сатсақ, қазір үш күнде 50 мың сатылды. Қосымша 70 мыңға тапсырыс бердік. Қазір дәріхана желілерінде 6 мыңғы жуық термометр бар", - деді Тұяқбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар, әкімнің орынбасарының айтуынша, әлеуметті желілерде "дәрі жетпей жатыр" деп  халықты дүрліктіретіндер бар.

"Кімге қандай ақпарат керек болса, айтуға дайынбыз. Қазір бұдан дүрбелең туғызудың керегі жоқ. Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде әлі күнге дейін біреулер хайп жасап жатыр, шынын айтсам. Бірақ факт бойынша сөйлейік. Біз қазір ең басты әлеуметтік 10 дәріханаға емес, барлығына жеткізіп жатырмыз. Қай жерде қандай да проблема болса, штабтың кол орталығына хабарласыңыз", - деді ол.

Еске салайық, еліміздің бірнеше облысында коронавирус жұқтырғындар және пневмониямен ауырып қалғандар саны күрт өсіп, дәріханаларда ыстық түсіретін, вирусқа қарсы дәрілер тапшылығы болған.

Сондай-ақ бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев шаһардағы дәріханаларда күніне 100 мың дана парацетамол сатылып жатқанын айтты.

Айта кетейік, Алматыда 7 591 адам коронавирус жұқтырды. 4 411 адам дертінен айықты, 54 адам қайтыс болды.

Ал Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті. 34 190 науқас аурудан айықты, 375 адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети