ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 апреля 2019 | 18:27

Қандай баладан диванда жатып елді сынайтын ересектер шығады - Психолог тәрбие жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Баланы 5 жасқа дейінгі кезеңде "жоқ", "құлайсың", "сүрінесің", "болмайды", "сындырасың" деп өсірсе, жабық, мінезі тұйық болып өседі. Осындай баладан ғана ештеңеге қызықпайтын, диванда жатқаннан артыққа барғысы келмейтін ересектер шығады екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне бизнес-тренер, коуч, психолог Асель Рскелдиева айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Баланы 5 жасқа дейінгі кезеңде "жоқ", "құлайсың", "сүрінесің", "болмайды", "сындырасың" деп өсірсе, жабық, мінезі тұйық болып өседі. Осындай баладан ғана ештеңеге қызықпайтын, диванда жатқаннан артыққа барғысы келмейтін ересектер шығады екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне бизнес-тренер, коуч, психолог Асель Рскелдиева айтып берді.

Асель Рскелдиева

бизнес-тренер, коуч, психолог

                             

Психологтың айтуынша, бұл әдет бала шақтан қалыптасады екен. Яғни, мұндай адамдар бала шағынан-ақ өзіне не қажетін өзгелер артық біледі деп қате тұжырыммен өмір сүреді.

"Ондай адам мен "өзгелердей ақылды емеспін", "өзгелердей лайық емеспін" деп өседі", - деген маман балаға тәрбиелі қалай беру керек, қай жасында қандай деңгейде назар аудару керек, қырсық әрі бұзық баланы жөніне салуға бола ма деген мәселелердің ақ-қарасын ажыпатып берді.  

Қырсық баланы жөнге салудан бұрын...

"Әр баланың өзінің жеке қасиетіне қарау керек. Баланың мінезі тік әрі лидер болуға ұмтылса, ол осындай қарсылықтарын білдіріп жатады. Ал ата-анасының назары аз түсіп жатса, ол көзге түсу үшін бұзықтыққа барады. Бар ойы өзіне назар аударту болады. Мұндай жағдайда анасының баласына назар аудармай қалуының орнына негатив қарым-қатынас құруы жөн. Ата-аналар өз өмірімен алысып, қажетті деңгейде баласына назар аудармаса, ата-ана ретіндегі жылуын сездіре алмаса қиын. Ата-аналар көбінде бұзық болса тыйып, жақсы іс жасаса мақтай салып, одан артыққа бармауы дұрыс емес", - дейді маман.

Айтуыша, егер бала жай жылап қана отырса оның қалауын орындамай, ал ашуланып, айғайға салғанда орындай салу - қате. Бұл әдетке айналып кетеді екен. Яғни, бала өз дегеніне жылап, айғайлап жетемін деп ойлайды. 

Мұның орнына, психолог баланың отбасы атмосферасында өсіп келе жатқанын түсінуі керек дейді.

"Талды қалай ексең, солай өседі. Адам да дәл солай, отбасы атмосферасын ұқтырып өсірсе құп. Өмірге тап-таза болып келген сәби ата-анасын ақиқат деп, соңғы инстанция деп көреді. Оларға әке мен ана құдай іспетті. Олар не десе, сол шындық көрінеді. Яғни ата-анасы не істесе сол дұрыс деген ой болады. Балалар әрқашан әкесі мен шешесінен мақтау естігісі келіп тұрады. Ал егер еркелеп, қырсық болса, отбасындағы атмосферада әлдене бұзылған. Мұндай жағдайда анасы өзін, әкесімен қарым-қатынасын түзеуі керек", - дейді Асель Рскелдиева.

Мәселе балада емес, анада

Психолог өзіне жанұя мәселе бойынша келетіндерге әрдайым көмектесуге, жағдайын түсінуге тырысатынын, алайда көбіне балаларға емес, олардың анасының жеке басына қатысты мәселені қарайтынын айтады.

"Көп жағдайда баланың кіндігі кесілгенімен, психикалық тұрғыдағы кіндігі кесілмеген болып шығады. Бала осы психикалық тұрғыда ата-анасынан ажырай алмай жүреді. Егер анасы сырт көзге тыныш, ал іштей айғайлағысы келіп тұрса, бала мұны түсіне қояды. Анасының ішкі ойын бала интуитив деңгейде түсіне алады. Осылайша іштегі алай-дүлейді анасы емес, баласы сыртқа шығарады", - дейді маман.

Көмек сұрап келетін аналармен жұмыс істеу барысында оның күйеуіне, отбасына, туысқандарына деген қарым-қатынасын түзей бастағанда, бір қызығы, баласының да бұзықтығы басылады екен.

"Сіздің оқырмандарыңыз "Бұзық баланы қалай түзеуге болады?" деген сұрақтың жауабын білу үшін оқуы мүмкін, бірақ мен олардың өзі жайлы ойланып, өз іс-әрекетіне, айналасына деген қарым-қатынасын түзеуге назар аударуын қалаймын. 

Қызықты бір жаттығу ұсынайын. Өзіңізді айдалада тұрмын деп елестетіңіз. Сөйтіп, күйеуіңізді (немесе әйеліңізді) елестетіңіз, ол кімге қарап тұр, келбеті қандай, қайда тұр? Сипаттап көріңізші. Ал сосын оның жанына өзіңізді қойыңыз, биік тұрсыз ба, төмен тұрсыз ба, теріс қарап тұрсыз ба, бір-біріңізге қарап тұрсыздар ма, оның жанында үлкенсіз бе, әлде кішісіз бе, осының бәрін көз алдыңызға әкеліңіз. 

Бұл жаттығу жарыңызбен санаңызда қандай қарым-қатынаста екеніңізді көрсетеді. Осылай өзіңізді образда елестеткен соң жарыңызбен ортаңызда шарды елестетіңіз. Шардың түсі қандай, іші неге толы, көлемі қандай? Онда тесік бар ма, ол суық па, көлемі кішкентай ма? Кішкентай, әлсіз болса, бұл сіздің қарым-қатынас дұрыс емес деген сөз. Осындай кеңес берер едім", - деп ақыл-кеңесін бөлісті коуч.

Америкалықтардың екіұшты теориясы

Психолог өзі мүлдем қарсы америкалық теория жайлы айтып берді. Бұл теория бойынша, баланы түнге өз жайымен қалдыру керек, ол жылағанынша жата беруі керек, сонда ол ешкімнің де көмекке келмейтінін түсініп, жылағанын қояды-мыс.

"АҚШ-та тұратын құрбым осындай теорияның бар екенін және төрт сағаттап жылап жатса да жанына жоламайтын ата-аналар бар дейді. Жүрегі ауырмау үшін зор дауыспен музыка тыңдап отырады екен. Бірақ өз басым мұндай тәрбиеге қарсымын. Біздегі жағдай басқа, психолог ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, дәл осы кезеңде балаға бар махаббатың мен жылуыңды беруің керек. Қолда ұстағанда да оның еркелігі мен қырсықтығы үшін жүйкесі қозып, ашуланып, дірілдеу емес, бар ынта-жігеріңмен махаббатыңды арнауың керек. Ашуын тыя алмаған ана баласына қолын алмай-ақ қойғаны абзал", - дейді ол.

Бала өз анасын интуитив сезеді

Гүл секілді өте жұмсақ бала анасынан тараған бұл энергияны интуитив жағдайда сезіп қояды екен. Ең жақын адамы ашумен тұрған сәтінде балаға өте ауыр зақым келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда мультфильм қойып беріп, жалғыз қалдырғаны дұрыс, ал анасының өзі жуынып, әлде көңілді видео көріп, мүлде басқа адам болып келгені жөн дейді психолог. 

"Балаға 18 жасқа дейін махаббатыңды беріп отыруың керек, оның қажет екенін, оның маңызды екенін, әлемнің оған құшақ жайып тұрғанын әрдайым сездіріп отыру керек. Мәпелеп өсірген баланың ғана қайырымдылық сезімі өне-бойына терең қалыптасады. 5 жасқа дейінгі кезеңде бала өмірді танып-білуге қатты құштар болады, осы кезде қолын созып, көргісі келгенін көріп, қызығушылығын байқатады. Осы кезеңде барынша қауіпсіздігі мен дамуына мүмкіндік берсең, өмір бойында осындай жанды, көңілді, алғыр болып өседі", - деген маман әлемге танымал ғалымдардың, зерттеушілердің, бірінші болып жаңалық ашатындардың ештеңеден қорықпайтынын, үнемі әлдеқандай қызығушылығы болатынын, қателіктен қорықпайтынын дәлел етіп отыр. Айтуынша, мұндай адамдарға эксперимент жасау әрдайым қызық болады.


Суреттер: pexels.com

"Ал дәл осы кезеңде балаға "жоқ", "құлайсың", "сүрінесің", "болмайды", "сындырасың" деп өсірсе, жабық, мінезі тұйық болып өседі. Осындай баладан ғана ештеңеге қызықпайтын, диванда жатқаннан артыққа барғысы келмейтін ересектер шығады. Бұл сол бала шағынан айналдырған әдеті. Яғни, өзіне не қажетін өзгелер артық біледі деп қате тұжырыммен өмір сүреді. Ондай адам мен "өзгелердей ақылды емеспін", "өзгелердей лайық емеспін" деп өседі", - дейді маман.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer