28 марта 2019 14:27

Қашықтан жұмыс істеу кімге тиімді - Пайдасы мен зияны

© pixabay.com

Соңғы 5 жылда жұмыс берушілердің көбі өздеріне қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерді іздестіріп жатыр. Бұл мәліметті еңбек нарығында 22 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Elite кадрлық холдингінің сараптамалық орталығы келтіріп отыр. Сарапшылардың айтуынша, оған компаниялардың жұмыс берушілерге қояр талаптарын өзгертуі мен қызметкердің жұмысын бағалаудағы заманауи әдістердің пайда болуы себеп.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы 5 жылда жұмыс берушілердің көбі өздеріне қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерді іздестіріп жатыр. Бұл мәліметті еңбек нарығында 22 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Elite кадрлық холдингінің сараптамалық орталығы келтіріп отыр. Сарапшылардың айтуынша, оған компаниялардың жұмыс берушілерге қояр талаптарын өзгертуі мен қызметкердің жұмысын бағалаудағы заманауи әдістердің пайда болуы себеп.

Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі мамандардан қашықтан жұмыс істеудің қаншалықты тиімді және ол жұмыстың қаншалықты сапалы болатыны, сондай-ақ, бүгінде қай мамандардың оған мүмкіндігі көбірек екені жайлы сұрап білді.

Реклама
Реклама
Пайдасы мен зияны

Холдингтің даму жөніндегі директоры Әсел Нұрқасымқызының айтуынша, бүгінде қызметкердің еңбегін бағалауға арналған түрлі заманауи әдістер бар және ең бастысы Time management-ті дұрыс қолдана білу.

"Жалпы қашықтан жұмыс істеу бірінші кезекте кеңсені жалға алуға кететін ақшаны және кеңсені жабдықтауға жұмсалатын қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Бірақ қазіргі таңда "ол қызметкерлер жұмысты сапалы орындай ала ма, оларды қалай қадағалауға болады?" деген сұрақтар туындап жатыр. Негізінен әр компанияның алдына қойған мақсаттары мен жоспарлары бар, оны қалай орындау - сол компанияның қызметкерлерінің қолында", - дейді сарапшы.

Әсел Нұрқасымқызының сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда компаниялар қызметкерлерінің еңбегін бағалауға түрлі құралдарды қолданып жатыр.

"Әрбір компанияның, ұйымның қызметкердің алдында қоятын талаптары, қызметкердің еңбегін қадағалауға арналған KPI шарттары (белгілі бір жетістікке жетуінің көрсеткіші) сияқты тағы да басқа құралдары бар. Оларды қоя білген компанияда қызметкерлер қашықтан істей ме, әлде кеңседе отыра ма - маңызы жоқ, алдына қойылған мақсаттар мен талаптар уақтылы орындалса болды", - дейді кадрлық холдингтің сарапшысы.


© pixabay.com

Сарапшының айтуынша, қызметкердің жұмысының сапасы оның жұмыс орнына байланысты емес, жұмысшы кеңседе де бос отыруы мүмкін.

Қай мамандықта мүмкіндік көп?

Сондай-ақ, бірнеше қазақстандық компания, маманның айтуынша, өз қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге жіберуді тестіледі, оған арналған әр түрлі құралдарды енгізіп жатыр.

"Біз өткізген соңғы сауалнамаға сәйкес, қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер өзіне берілген сенімді ақтауға тырысып, жұмысты тиянақты және де уақтылы орындайды. Бүгінде қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі көп мамандар деп IT мамандары, есепшілер, аудармашылар, заңгерлер, маркетинг және PR мамандары, cондай-ақ, SMM мамандарын айта аламын. Олардың өз уақытын өздері қадағалауға мүмкіндіктері болғандықтан, олар кез келген стресске төзімді болады", - дейді маман.


© pixabay.com

Көбі құқығын біле бермейді

Ал заңгер Данияр Түймебаевтың қашықта жұмысқа орналасқан жағдайда міндетті түрде еңбек шартын жасасу қажет екенін ескертеді. Айтуынша, көбі тіпті еңбек шартын жасаспайды. Заңгер мұны жұмыс істеудің бұл түрі басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда әлі кең таралмағанымен түсіндіріп отыр.

"Еңбек кодексінің 138-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмысқа қашықтан жұмыс істейтін қызметкерді алса, ол оны бірінші кезекте байланыс құралдарымен, Интернетпен қамтамасыз етуге міндетті. Оларды орнату мәселесі де жұмыс берушінің мойнында. Ай сайынғы орташа шығын және оның қай уақытта төленіп тұратынын жұмыс беруші мен қызметкер өз арасында келісіп, тағы бір шарт жасасуы тиіс. Әрине, ол жазбаша түрде болуы керек. Сондай-ақ, міндетті түрде сақтандырудың барлық түрі рәсімделуі тиіс. Ол үй жағдайында жұмыс істесе де, заң бойынша барлығы тиісінше орындалуы тиіс", - дейді Түймебаев.

Сондай-ақ, заңгер қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жұмыс берушіден тұрмыстық шығындарға, яғни жарық, су, газ және басқа да шығындарын өтеуін талап етуге құқығы бар екенін айтады. Бұл туралы Еңбек кодексінде де көрсетілген.

Оқи отырыңыз:

Маман жұмысты қаншалықты жиі ауыстыру қажет екенін айтты

Жұмысты қашан және қалай іздеген тиімді

Қазақстандықтардың түйіндеме толтырғанда жиі жіберетін қателіктері

Түнгі ауысымдағы жұмыс: Не білу керек

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram