Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 марта 2021 14:20

Қазақстандық танымал журналист Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық танымал журналист Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті. Бұл туралы журналист Бейбіт Тоқтарбай Facebook желісіндегі парақшасында естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық танымал журналист Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті. Бұл туралы журналист Бейбіт Тоқтарбай Facebook желісіндегі парақшасында естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қайран біздің Дүраға, сізге де уақыт келгені ме? Өзінен кейінгілерге білетін ақылын айтудан жалықпайтын, жаны жайсаң жан еді. Пейілінде қылаудай кіршік жоқ таза адам еді. Баладай аңғал Дүрағамен "Халық сөзі"газетінде, сосын ЕҰУ-да бірге қызмет еттік. Отбасы мен туыстарына, достарына көңіл айтамыз. Алла алдынан жарылқасын!", - деп жазды ол парақшасында. 

Дүрәлі Дүйсебай - Қазақстан мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлықтарының иегері.

Еңбек жолын 1981 жылы "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде бастап, 1996 жылға дейін сонда қызмет еткен. Тілші қызметінен бастап, бас редактордың орынбасарына дейін көтерілген. Кейіннен ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің "Қылмыс пен жаза - Преступление и наказание" газетінің бас редакторы болған. ҰҚК-де қызмет атқарған. Соңғы жұмыс орны Sport газеті болған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети