ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 августа 2019 | 17:22

"Кек қайтарғысы келеді". Зорлық құрбаны болғандар жаңа өмір бастай ала ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Соңғы күндері елімізде "Тальгодағы" зорлау ісі қызу талқыланып, халық арасында біраз шу шығарды. Атышулы істегі келіншек күні кеше биліктегілерден зорлық жасағандарға жазаны күшейтуді сұрап, қазақстандықтарға үндеу жасады. Айтуынша, сол түндегі оқиғадан кейін өмірінде енді сұмдық ештеңе болуы мүмкін емес. Мұндай жағдайдан соң әйел адамдар қайта қалыпты өмірге орала ала ма? Ол қаншалықты мүмкін? Зорлық құрбандарын оңалту орталықтарының көмегі бар ма? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне психотерапевт Раиса Жаңайқызы айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы күндері елімізде "Тальгодағы" зорлау ісі қызу талқыланып, халық арасында біраз шу шығарды. Атышулы істегі келіншек күні кеше биліктегілерден зорлық жасағандарға жазаны күшейтуді сұрап, қазақстандықтарға үндеу жасады. Айтуынша, сол түндегі оқиғадан кейін өмірінде енді сұмдық ештеңе болуы мүмкін емес. Мұндай жағдайдан соң әйел адамдар қайта қалыпты өмірге орала ала ма? Ол қаншалықты мүмкін? Зорлық құрбандарын оңалту орталықтарының көмегі бар ма? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне психотерапевт Раиса Жаңайқызы айтып берді.

Раиса Жаңайқызы 15 жылға жуық тәжірибесіне сүйене отырып, ерік-жігер болмаса, мұндай психологиялық жарақаттан айығу мүмкін емес екенін айтады.

"Кез келген зорлық - көшеде, мектепте, отбасында болсын үлкен сынақ. Психологиялық және сексуалдық зорлық өте ауыр тиетіні сөзсіз. Ал зорлаған адам танысың болып шықса және сен оған осы күнге дейін сеніп келсең, бұл мүлде басқа жағдай. Екеуі де сұмдық жағдай , ол жарақаттардан айығу процесі де әр түрлі өтеді. Кейбіреулер осы жағдайдан соң 2-3 ай уақытта жынданып кетеді. Бір сөзбен айтқанда, мұны әркім әртүрлі қабылдайды", - дейді психотерапевт.

Осы ретте маман зорлық құрбандары болғандар өткеруі тиіс басты 5 ауыр кезеңді атап берді.

"Бастапқыда барлығы егіліп-езіледі. Бірінші кезең - мойындамау. "Қалайша мұндай жағдай болды?", "Неге дәл менімен болды?!" деп қайғырады. Осы кезде құрбандар сол жағдайды қабылдап, мойындаса оңалту процесі әлдеқайда тезірек жүрер еді. Бұл жарақаттан айығуға бір қадам болса да жақындатады. Ал екінші кезең - ашу-ыза. Мұнда адам не істеп, не қойып жатқанын және өмірінде жалпы не болып жатқанын түсінбей, ашуға салынады. Агрессия болады, осының барлығына өзі кінәлі деп ойлайды. Келесі кезең - депрессия. Зорлық құрбандарының барлығы депрессияға ұшырайды, одан қашып құтылу мүмкін емес. Олар үшін бүкіл әлем аударылып кеткендей көрінеді. Дәл осы кезеңді өткеріп болған соң - ол 2 ай, 2 жыл болуы мүмкін сол кезде ғана адам болған жағдайды қабылдап, өз-өзін жинап, жаңа өмір бастауға тырысады. Бұл соңғы 4-кезең болып саналады", - дейді Жаңайқызы.

Оның айтуынша, осындай жағдайдан соң әйелдер ер адамдардан өшін алып, кек қайтарғысы келеді.

"Бірден айтаным, депрессиядан шығып, жаңа өмір бастау үшін кек алудың қажеі жоқ. Бұл керісінше жағдайды шиеленістіреді. Керісінше, адам өз-өзіне іштей қолдау білдіруі тиіс. Жақсы ойлармен ғана жүруге тырысу қажет. Белгілі бір деңгейдегі шок болса да, өзге ер адамдарға қатыгездікпен қарамау керек. Бүгінде зорлық құрбандары болған келіншектерді осы жағдайдан шығара алатын, қажетті кеңес беріп, қолдау көрсете алатын оңалту орталықтары жеткілікті. Олар онда 1-2 жыл болса да барып тұрса, қайта қалыпты өмірге оралу әбден мүмкін", - дейді психотерапевт. 

Бірақ дәрігер көбі емделіп шықса да, сол күн біраз уақыт көз алдарынан кетпейтінін айтады. Нәтижесінде ол адам бәрібір қорқынышпен өмір сүреді дейді.

"Тальгодағы" зорлау ісі. Оқиға қалай өрбіді?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer