Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 декабря 2020 12:04

"Кесілген бір ағаш орнына онын отырғызады". Министр экология қалай қорғалатынын түсіндірді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Бүгін Сенатта Экология кодексі бірінші оқылымда талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Сенатта Экология кодексі бірінші оқылымда талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев депутаттарға қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға мүмкіндік беретін Экология кодексінің негізгі бөлімдеріне тоқталды.

"Ластаушы төлейді" қағидатының негізіне ластануды болдырмау мен бақылау шаралары жатады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға тиген залалды қалпына келтіруге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Осылайша мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлеудің орнына қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі барлық шараны қабылдау тиімдірек болатындай жағдай жасауы тиіс. Бұдан басқа экологиялық залал орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқыда болған қалпына келтіруге міндетті (...)", - деді Мырзағалиев.

Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама бойынша табиғатты қорғау іс-шараларына эмиссия үшін түскен төлемдерді мақсатты жұмсау міндеттелмеген. Салдарынан жергілікті атқарушы органдар келіп түсетін қаражаттың, тек орташа есеппен алғанда, 45 пайызын ғана қоршаған ортаны қорғауға бөледі десек болады. Кейбір облыста табиғат қорғау шараларына арналған шығыстар 10 пайыздан аспайды. Осыған байланысты ЖАО түсетін экологиялық төлемдердің есебінен 100 пайыз көлемінде қаржыны табиғат қорғау іс-шараларына бөлуге міндетті екені көрсетілген", - деді министр.

Жалпы Экологиялық кодекстің нормаларына сәйкес айыппұлдардың көлемі 10 есе өседі. 

Отырыс барысында сенатор Сергей Ершов Алматыда ағаштардың кесіліп, заң нормасы осындай заңбұзушылықтар үшін айыппұл күшейтуге қатысты депутаттар ұсынысына министрдің пікірін сұрады.

"Алдымен, нормалар қазір уақтылы қолға алынып жатыр. Ағаштарды заңсыз кесуге байланысты нормалар үш түрлі жағдайда қарастырылып жатыр. Біріншіден, қаладағы ағаштар туралы айтсақ, онда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің компенсация ретінде ағаштарды отырғызуды дамыту бұйрығына өзгерістер енгізіледі. Екінші - ағаштарды заңсыз кесу шығынын өтеуді реттейтін үкімет қаулысы, осы айда, шамамен екі апта бұрын Үкімет отырысында қаулыға тиісті өзгерістер енгізілді. Шығынға байланысты заңнама айтарлықтай қатаңдатылды", - деді министр депутаттың сауалына жауап беріп.

Енді Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ағаштарды заңсыз кесу, жою, зақымдау кезінде компенсациялық ағаш отырғызу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі нысандардың іргелес аумағындағы жасыл желекті екпелерді жойғаны үшін 10 есе мөлшерде ағаш отырғызу көзделеді. Бұрын бұл нормалар осы Қағидаларда болмаған.

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшерін 6 айлық есептік көрсеткіштен 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.

Құқық бұзушылықтардың қайталануына байланысты айыппұлдарды жеке тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіштен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК-тен 450 айлық есептік көрсеткішке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК-тен 600 АЕК-ке дейін және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК-тен 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін артады.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Төле би көшесіндегі ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Тұрғындардың кейбірі ағаштардың кесілгеніне Sulpak компаниясы кінәлі екенін жазған болатын. Алайда Sulpak өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.

Ал бірақ кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ағаштардың Sulpak мердігерлері кескенін айтқан. Әкімдіктегілердің мәліметінше, 13 ағаш (9 емен және 4 қарағай) кесілген.

Артынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын. Ол Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырған елі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети