Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 февраля 2020 14:39

Көпбалалы әке, футбол фанаты, экс-министр. Сіз кімсіз, Тимур Сүлейменов?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше экс-министр Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі жанынан құрылған институт басшысы болып тағайындалған еді. Сүлейменов енді Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығын басқарады. Tengrinews.kz тілшісі Тимур Сүлейменов туралы қызық деректерді жинап шықты.


Кеше экс-министр Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі жанынан құрылған институт басшысы болып тағайындалған еді. Сүлейменов енді Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығын басқарады. Tengrinews.kz тілшісі Тимур Сүлейменов туралы қызық деректерді жинап шықты.

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде Павлодарда туған. Болашақ министрдің бала кезі туралы мәліметтер жоқ.

2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін менеджмент мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Мэриленд университетін тәмамдаған. Еңбек жолын Ernst & Young Қазақстан компаниясында бас кеңесші қызметімен бастаған.

2009 жылдан министрліктерде еңбек ете бастайды. 2009 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болып тағайындалған. Ал 2010 және 2012 жыл аралығында - экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012 жылғы 1 ақпаннан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министрі). 2016 жылы 28 желтоқсанда ол ұлттық экономика министрі болып тағайындалады. Ал былтыр 22 наурызда Тимур Сүлейменов Президенттің кеңесшісі қызметіне кіріскен.

Тимур Сүлейменов - көпбалалы әке, бүгінде жарымен бірге төрт баланы тәрбиелеп отыр.

"Жарым да Павлодардан, жасөспірім кезімізде танысқанбыз. Оған ұзақ уақыт көңіл білдіргенмін, ол жауап бермеймін еді (күліп), бірақ көңілін аударып, үйлендік. Төрт баламыз бар. Демалыс күндерімді соларға арнауға тырысамын", - деген еді ол Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында.

Сүлейменов сол сұхбатында бос уақытында кітап оқығанды не футбол ойнағанды жақсы көретінін айтқан.

"Кітап оқығанды өте жақсы көремін. Тарихи, кейде қиял-ғажайып әдебиет ұнайды. Кітап оқу көңіл сергітуге жақсы. Футбол ойнағанды және жанкүйер ретінде қарағанды жақсы көремін. Бос уақытымды балаларыммен өткізуге тырысамын, доп тебеміз не киноға барып қайтамыз", - дейді шенеунік.

Тимур Сүлейменов Facebook желісіне тіркелген. Бірақ 2017 жылдан бері ешқандай пост жазбаған екен. Бүгінде парақшасында 830 досы бар, тағы 1345 адам жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети