Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 марта 2020 15:42

Коронавирус: Біртанов қазақстандықтарға ескерту жасады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елжан Біртанов. Фото: Тұрар Қазанғапов Елжан Біртанов. Фото: Тұрар Қазанғапов

Егер қазақстандықтар коронавирус тіркелген елден келіп, карантинде жатудан бас тартса, осылайша қауіпті дертті таратса, жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Егер қазақстандықтар коронавирус тіркелген елден келіп, карантинде жатудан бас тартса, осылайша қауіпті дертті таратса, жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр COVID-19 вирусының таралуы бойынша қауіпті елдер тізімі 1 "а", 1 "б" санаттарынан тұратынын айтты. Ал екінші санатқа Испания мен Германия енгізілген. 1 "а" санатына Қытай, Иран және Оңтүстік Корея, ал 1 "б" санатына Италия кіреді.

"Біз Шенген аумағынан келген азаматтарға елге кіруге тыйым салған жоқпыз. Тек 1 "а", 1 "б" мемлекеттері бойынша шектеу бар. Себебі, азаматтар транзиттік әуежайлар арқылы Еуропа мемлекеттерінен келіп жатыр. Мұндай жолаушылар арнайы анкета толтыруы міндетті", - дейді Біртанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның пікірінше, бұл аурудың алдын алдын алуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ, ол елімізде жауапкершілігі жоқ азаматтар барын, кейбір шетелден келген азаматтар тексерістен қашатынын айтты.

"Әрине, кейбір жағдайда азаматтар қай жақтан келгенін көрсетпейді. Өкінішке қарай, бізде жауапкершілігі жоқ азаматтар бар. Бұл мәселені қарастырып жатырмыз", - деді министр.

Осы орайда Елжан Біртанов қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді. Оның айтуынша, егер азамат коронавирусты басқа тұрғынға жұқтырса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

"Бас санитар дәрігердің арнайы қаулысы бар. Карантиннен бас тарқысы келетін немесе одан қашып жүрген азаматтар үшін әкімшілік жауапкершілік бар екенін айтқым келеді. Егер осы адам аурып қалса, ауруды басқа азаматтарға таратса, қылмыстық жауапкершілік заңда бар", - деді ол.

Осыған дейін коронавирустың алдын алу мақсатында үкіметтің қандай шараларды жүргізіп жатқанын, Қазақстан мектептерінде 16 наурыз - 5 сәуір каникул болатынын, қандай мекемелерге баруға тыйым салынатынын, тойды кейінге қалдыру туралы кеңес берілгенін жазғанбыз.

 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети