ЧМ-2026: РЕЗУЛЬТАТЫ И РАСПИСАНИЕ

Коронавирус жұқтырудың тәуліктегі өсімі 1,7 пайызға төмендеді - Тоғжанов

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырудың тәуліктегі өсімі 1,7 пайызға төмендеді - Тоғжанов

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов елде енгізілген қатаң шаралар өз нәтижесін бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен осы жылдың 5 маусымынан бастап коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан бойынша жарияланған қатаң шаралар кезеңі өз нәтижесін берді. Бүгінгі таңда аурудың тәуліктік өсімі 4-тен 1,7 пайызға төмендеді. Аурудан жазылғандардың саны 66 пайызға жетті", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол 7 өңірде 15 провизорлық стационар жабылғанын атап өтті.

"Жедел жәрдем шақырғандардың саны 40 пайызға, оның ішінде пневмония бойынша 35 пайызға төмендеді. Ауруханалар мен емханаларда бір айлық дәрі-дәрмек қоры құрылды", - деді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, Қазақстанда 87 664 адам COVID-19 жұқтырған. 57 815 науқас аурудан айыққан, 793 адам қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также

Курс валют

 468.27   534.16   6.13 

 

Погода

Алматы
А
Алматы +23
Астана +28
Актау +25
Актобе +28
Атырау +31
Б
Балхаш +30
Ж
Жезказган +24
К
Караганда +29
Кокшетау +30
Костанай +35
Кызылорда +25
П
Павлодар +26
Петропавловск +23
С
Семей +23
Т
Талдыкорган +30
Тараз +35
Туркестан +28
У
Уральск +21
Усть-Каменогорск +33
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Реклама
Социальные сети