Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 апреля 2020 18:11

Коронавирус: Өскенбаев халықты толғандырған сұраққа жауап берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев коронавируспен күреске қажетті медициналық құралдар елімізде жеткілікті деңгейде өндіріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев коронавируспен күреске қажетті медициналық құралдар елімізде жеткілікті деңгейде өндіріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда күніне 1 миллион бетперде өндіріледі. Дезинфекциялық құралдар да жеткілікті деңгейде. 

"Елімізде күнде 85 мың литрден астам дезинфекциялық құрал шығарылады. Бүгінде қоймаларда  58 мың литрден астам дезинфекциялық құралы бар. Ал дәріхана желісі мен көшелерді, үйлерді дезинфекциялауға 65 мың литр берілді. Ал еліміздегі зауыттарда дезинфекциялық құралдар жеткілікті шығарылады. Қанша құрал керек, сонша шығаруға мүмкіндігіміз бар. Сондықтан халық "ол бітіп қалады" деп уайымдамасын", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол коронавирус жұқтырған науқастар үшін аса қажет жасанды тыныс алдыру аппаратына қатысты сұраққа жауап берді.

"Бұл аппаратты өндіру бойынша көп сұрақ туындап жатыр. Көкшетау қаласында "Тыныс" акционерлік қоғамы бар. Ол біздің министрлікке тікелей қарайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, олар шамамен 700 аппаратты жасауға дайын. Қазір олар жасап жатыр. Жасанды тыныс алдыру аппараты қанша керек болса, сонша жасауға дайынбыз", - деді Өскенбаев.

Осыған дейін бірінші қаржы вице-минтстрі Берік Шолпанқұлов дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 триллион теңге бөлінетінін, спекулянттармен күрес қалай жүргізіліп жатқанын, мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде екенін жеткізді.

Сонымен қатар, бүгін қаржы министрі Әлихан Смаилов Президент тапсырмасы бойынша қазақстандықтарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінетінін, ал ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде экономикалық көрсеткіштер төмендеп жатқанын айтқан.

Сондай-ақ, премьер-министр Асқар Мамин үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдайтынын атап өтті.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы өсетінін, төтенше жағдай жариялануына байланысты табыссыз қалған азаматар үшін жәрдемақы алатындардың санатын кеңейтуді тапсырған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны жетті. 27 адам індеттен жазылды, 3 науқас қайтыс болды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети