Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 сентября 2021 11:58

Коронавирусқа байланысты болжам қалай жасалады? Бекшин түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Коронавирус жұқтырғандар саны мен жалпы эпидахуал бойынша алдағы айларға болжам қалай жасалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Коронавирус жұқтырғандар саны мен жалпы эпидахуал бойынша алдағы айларға болжам қалай жасалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, алдағы айларға болжам жасау үшін арнайы механизм бар. 

"Сондықтан сол механизм бойынша біз, ең біріншіден, күнделікті ауру деңгейін талдап отырамыз. Екіншіден, ауырмаған және вакцина салдырмаған адам саны қарастырылады. Екпенің динамикасына да талдау жүргізіп, баға береміз. Тағы бір көрсеткішті коэффициент ретінде жасаймыз. Оның ішінде қарастыратынымыз - вирус жұқтыру коэффициенті. Мысалы ухандық штамның коэффициенті 3 болған. Ал альфа нұсқасында - 5 болса, дельта штамының жұғу көрсеткіші көбірек - 8. Сондықтан бұл штамм өте тез жұғатындықтан белсенді тарады. Болжам жасауда осындай негізгі көрсеткіштерге қараймыз. Сонымен қатар, клиникалық жағдайдағы науқастар жағдайын қарап та есепке аламыз. 

Бірақ нақты бір күнге болжам жасаймыз деп айтуға келмес. Себебі талдау айына 2-3 рет жасалады. Вакцина салу деңгейі өсіп келе жатыр, ауру деңгейі де әртүрлі. Сондықтан бұл көрсеткіштер үнемі өзгеріп отырады. Сол үшін үнемі түзету жасап отырамыз", - деді Жандарбек Бекшин ӨКҚ брифингінде. 

Еске салайық, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда қыркүйек-қазан айларында эпидахуал қандай болатынына болжам жасаған болатын. Болжам бойынша, қыркүйекте қала бойынша күніне 1300 жағдай тіркелсе, қазанда, егер коронавирустың жаңа штамы шықпаса, 100-200 жағдайға дейін азаюы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети