01 ноября 2019 | 13:59

"Маған өлім жазасын берді". Сирияда әкесі мен ағасынан айырылған жігіттің оқиғасы

Видео кадрынан

Абзал Амангелді бала кезінде отбасымен бірге Сирияға аттанған. Террористер қатарына қосылған отбасы елге екі мүшесінен айырылып оралған. Абзал елге келгеннен кейін Adil ukim YouTube-арнасына сұхбат берген. Тengrinews.kz тілшісі Абзал Амангелдінің Сириядағы өмірі жайлы айтқан сұхбатын ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Абзал Амангелді бала кезінде отбасымен бірге Сирияға аттанған. Террористер қатарына қосылған отбасы елге екі мүшесінен айырылып оралған. Абзал елге келгеннен кейін Adil ukim YouTube-арнасына сұхбат берген. Тengrinews.kz тілшісі Абзал Амангелдінің Сириядағы өмірі жайлы айтқан сұхбатын ұсынады.

Абзал бала кезінде әкесі мен Нұрдәулет есімді ағасының ықпалымен Сирияға аттанған.

Реклама
Реклама

"Ағам жиһадтың не екенін түсіндірді, әкем "мақұл" деп келісе кетті. Сөйтіп, үйді, малды, көлікті, жерді саттық. Әкем анама "Намаз оқы, хиджап ки, болмаса ажырасамын" деді. Осылайша, оны көндірді. Кейін әкем "Кешіріңіз, Сирияға кетіп барамын" деп анасына хат қалдырды", - деп еске алды Абзал.

Оның айтуынша, 30 шақты отбасы Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласына жеткен.

"Сонда қарумен қалай атуды, Калашников автоматын қалай шашып-жинауды үйретті. Бір айдан кейін бізді Минбидж қаласына алып барды. Бізден "соғысқа қатысасыңдар ма?" деп сұрады. Әкем мен ағам "иә" деді. Ауыр қару-жарақтармен жұмыс істейтін болды. Сирия әскеріне шабуыл жасадық, ұшақта болдық. Содан екі-ақ адам тірі қалды. Дағыстандық жігіт екеуміз аман қалдық. Оған ештеңе болмады. Ал менің басыма және аяғыма жарықшақтар тиген", - дейді Абзал Амангелді. 


Видео кадры

2015 жылы ағайындылар мен әкесі Қазақстан үкіметі мен сол кездегі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап бейнеүндеу жариялаған. Әпкесі Аида Амангелді Сирияға кеткен соң әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап, ҰҚК мен ауыл имамына қоқан-лоқы көрсеткен.

"Ағам 2016 жылы Табка қаласындағы соғыста қаза болды. Ал әкем 2017 жылы Раккада қаза тапты. Ақыр жағы солай болды. Кейін өздерінің ішінен соғыс басталып кетті. Түрмеде төрт ай отырдым. Өлім жазасын берді маған. Сосын мен жол іздей бастадым. Қоршаудамыз, тамақ жоқ, жегеніміз кебек. WhatsApp мессенджерінде ылғи қазақтар қайтқымыз келеді деп айттық", - дейді Абзал. 

Сөйтіп, олар Қазақстанға қайтудың амалын іздейді. 

"2018 жылы біз туысқандарымызға хабарластық. "Қазақстанға қайтуға ақша беріңдер" дедік. Ол жақта да бізді жібере салмады. "Егер сендер шығамыз деп жатсаңдар, бізге ақпарат бересіңдер. Сен өзің тапсырсаң, біз сені алып кетеміз. Бірақ анаң сотталмайды. Қалғандарың сотталасыңдар" деді. Сөйтіп, сонда қалдық. Ертеңіне қазақтарға "Жусан" операциясы бойынша адамдар келді. Басында байқаған жоқпын. Көзімді ашсам, әскери киім киген қазақтар жүр", - дейді ол. 

Осылайша, оларды 2019 жылы мамырда Сириядан "Жусан" операциясы кезінде алып шыққан.

Әпкесі Аида Амангелді терроризмді насихаттағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал Абзал Амангелдіге "террористік топтың әрекетіне қатысу" және "террористік әрекет ұйымдастыру мақсатында адам жинау" бойынша айып тағылған. Бірақ оның жүрегін ауыртатын тағылған айып емес екен. 

"Маған өте қиын болғаны - әкемнің қазасы. Анам жалғыз, одан да айырылып қаламын ба деп қорқамын", - деп Амангелді көзіне жас алды. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная