Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 марта 2020 17:46

МӘМС-ке қанша қазақстандық ақша аудармай отырғаны белгілі болды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қорға 600 мың қазақстандық уақтылы ақша аудармай отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қорға 600 мың қазақстандық уақтылы ақша аудармай отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерге баға белгілеу мәселелері бойынша отырыс өтті.

Жиында комитет төрағасы Мұрат Бақтиярұлы өзекті мәселені көтерді.

"Қаңтар, ақпан айлары өтті. Сәуірдің бірінен бастап, айғай басталуы мүмкін. Бізде өзін жұмыспен қамтып отырғандар бар. Олардың саны әр жерде әртүрлі айтылады. 2 айдың ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына қанша адам тіркелген жоқ. Нақты саны бар ма?", - деп сұрады сенатор.

Депутаттың сұрағына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов жауап берді. Ол қорға қанша қазақстандық уақтылы ақша аудармай отырғанын жеткізді.

"600 мың адам бар. Олардың жұмысы бар. Олардың жалақысынан қорға жарна алынады. Бірақ бұл азаматтар қорға төлемді уақтылы жасамай отыр. Ал сіз айтып отырған азаматтардың мәртебесі анықталмаған. Бұл - күрделі мәселенің бірі. Оны жасырудың қажеті жоқ", - деді төраға.

Оның айтуынша, тұрғын кепілдендірілген медициналық көмекті алу үшін ай сайын қорға 1270 теңге жарна төлеуі қажет.

"Жарнаның көлемі 1270 теңге шамасында. Оны төлеу міндетті. Ол үшін медициналық ұйымдарға терминалдарды орнаттық және азаматар кез келген банкте бұл ақшаны төлей алады. Осылайша, азаматтың медициналық қызмет алуға мүмкіндігі болады", - деді отырыста.

Сонымен қатар, Айбатыр Жұмағұлов қазақстандықтарға кеңес берді. Бұл қазақстандықтарға медициналық көмек алу үшін қажет.

"Біріншіден, 1 сәуірге дейін әрбір азамат өзінің статусын анықтап алу керек. Әсіресе, әлеуметтік қорғауды талап ететін 15 санаттағы азаматтар. Мысалы, зейнейткерлер, студенттер. Олар жүйеде болмау қалуы мүмкін. Бүгіннен батсап, олар өз мәртебін анықтап алуы қажет. Екіншіден, қорға жарна аудармаған азаматтар. Олар бұл төлемді аударып, мәртебесін анықтауы шарт. Сұрақтар бойынша 1406 нөміріне хабарласуға болады", - деп түйіндеді сөзін төраға.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети