11 октября 2019 | 22:02

Назарбаев Қазақстанның ең қазақи қаласын атады

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: 24.kz кадры

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында елдің ең қазақи қаласын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында елдің ең қазақи қаласын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұңғыш Президенттің айтуынша, елорданы Алатаудың баурайынан арқаның төсіне алып келу оңай шаруа болған жоқ. Бірақ оны көрші елдер үлгі тұтып отыр.

Реклама
Реклама

"Еш мемлекет оны жасаған жоқ. Моңғолдың премьер-министрімен таяуда кездестім, олар да қала салайын деп жатыр. Біздің тәжірибені үйренгісі келеді. Оған қарсы болған адамдар да болды, сенбейтін адамдар болды, үкіметтен қалай бұл қаланы саласың, Алматыдан су шықты ма деген көп әңгіме естідім. Бұл геосаясаттың мәселесі еді, оны түсінген адам түсіне береді. Бұл жерде қазақ мүлде жоқ болатын. Қазір Қазақстанның ең қазақи қаласы - Нұр-Сұлтан қаласы болды", - деді Қазақстанның тұңғыш президенті.  

Елбасы таяуда конференция өтіп, сонда отыз жылда елдің қандай жетістіктерге қол жеткізгені жайлы талқылау болғанын еске салды. 

"Елдің сенімін арқалап, осы жылдардың ішінде 100 жылға татитын шаруаны атқардық. Менің серіктестеріммен, замандастарыммен бірге, оның барлығы елге мәлім. Мысалы осы жылдардың ішінде ең негізгісі экономика, экономика өспесе, оның рөлі үлкен болмаса, мемлекеттің қалтасында қаржы болмайды, қаржы болмаса зейнетақыға да, жалақыға да төлейтін мүмкіндік болмайды. Сондықтан, айта кетейік, осы жылдардың ішінде экономикамыз жиырма ретке жақын өсті. Осы жылдардың ішінде екі мыңға жуық ауруханалар мен емханалар салынды. Бір жарым мыңнан артық мектеп салынды. Мыңға тарта балабақша салынды. Осының барлығы халықтың жағдайы, әл-ауқаты. Осындай қамқорлықтың арқасында, елдің гүлденуі арқасында қазақстандықтардың орташа жасы 67 жастан 73 жасқа асып кетті. Одан да жоғары барып, сексен жасқа кетеді деп ойлаймын. Мұндай жағдай бізде қашан болған еді? Ешқашан болған жоқ", - дейді ол.

Сондай-ақ, Елбасы халықтың саны өзгергенін сөз етті.

"Мысалы, 1991 жылы мен Тәуелсіздікті жариялар кезде парламентте жоғары кеңестің депутаттарының ішінде қазақтың саны 44 процент болатын. Қазақстанда да солай болатын. Бүгін болса қазақтың саны Қазақстанда 70 процентке жетіп қалды. Бұл деген үлкен табыс біз үшін. Совет одағы құлады, ел не істерін білмей қалды. Осы жерде боламыз ба, болмаймыз ба, қазақ тілділердің болашағы жоқ екен деп жан-жаққа көшкен кезде халқымыздың саны 14 миллионға төмендеп кетті. Ал қазір, құдайға шүкір, 18 миллионнан асып жығыламыз. Оның 70 проценті өзіміздің қазақ", - деді Елбасы. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная