1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Сенат сайлауы, Әсия Төлесоваға қатысты үкім мен COVID-19. Күннің басты жаңалықтары12 августа 2020, 17:58

Бүгін елімізде жаңа сенаторлар сайланды. Сонымен қатар, белсенді Әсия Төлесоваға қатысты сот үкімі шықты. Tengrinews.kz тілшісі 12 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды. 

Тағы 691 адамнан коронавирус табылды

Қазақстанда өткен тәулікте 691 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 377 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 143 / 105
Алматы қаласы - 97 / 75
Шымкент қаласы - 7 / 1
Ақмола облысы - 50 / 27
Ақтөбе облысы - 16 / 6
Алматы облысы - 22 / 15
Атырау облысы - 21 / 18
Шығыс Қазақстан облысы - 75 / 26
Жамбыл облысы - 19 / 16
Батыс Қазақстан облысы - 45 / 20
Қарағанды облысы - 66 / 9
Қостанай облысы - 29 / 17
Қызылорда облысы - 9 / 6
Маңғыстау облысы - 15 / 11
Павлодар облысы - 26 / 8
Солтүстік Қазақстан облысы - 35 / 10
Түркістан облысы - 16 / 7

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 100 855-ке жетті. Оның ішінде 74 677 адам аурудан айықса, 1313 науқас қайтыс болған.

Пневмониямен ауырғандар15 мыңға жуықтады

Денсаулық сақтау министрлігі бүгінге дейін тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат таратты. 

"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1423 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Осылайша, 1 тамыздан бері есептелетін статистика өзгерді. Елде коронавирустық пневмония диагнозы қойылғандар саны 14 760-қа жетсе, бұл аурудан 181 адам қайтыс болған. 

Әсия Төлесованың бас бостандығы шектелді

Бүгін Алматыда белсенді Әсия Төлесоваға қатысты сот үкімі шықты.

Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотының төрағасы Тәкен Шәкіровтің айтуынша, сот Әсия Төлесованы кінәлі деп тауып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеді. Осы уақыт аралығында ол пробациялық бақылауда болады. 


Фото: adamdar.ca

Сонымен қатар, Тәкен Шәкіров Төлесова 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл төлейтінін атап өтті.

"6 тамызда Төлесованың рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны белгілі болды. Осы уақытта полиция қызметкерлері өз міндетін атқарып, адамдардың жиналуына жол бермеді. Төлесова учаскелік полиция қызметкерінің көмекшісіне агрессия көрсетіп, оның басы мен оң жақ иығынан соққан. Ал екінші полицейдің бас киіміне қолын тигізіп, үшінші қызметкердің оң жақ иығынан және артынан ұрған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің ар-намысына тиетін сөздер айтқан", - деді Шәкіров. 

Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны қашан сатып алады?

Қазақстан COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны клиникалық зерттеулердің барлық кезеңінен өтпейінше сатып алмайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

"Коронавирусқа қарсы вакцина барлық халықаралық сертификаттаудан өткенде ғана сатып алынады. Сарапшыларымыздың айтуынша, әлемдегі үздік зертханалар үшінші кезеңде (вакцинаны дайындау бойынша - ескерту) екен. Алда тағы төртінші кезең бар. Бірақ бұған әлі ешкім жеткен жоқ. Осыдан кейін ғана халықаралық сертификаттаудан өту басталады. Оның қандай елде және қандай зертханада өтетіні әлі белгісіз", - деді Қоджахметов.


Фото: globallookpress.com

Ол Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу бойынша басқа елдермен уағдаластығы жоқ екенін атап өтті.

"Вакцина клиникалық зерттеулердің барлық кезеңінен өтпейінше Қазақстан оны сатып алмайды. Қазақстан тек барлық халықаралық сертификаттаудан және тексерістен өткен вакцинаны сатып алады. Бірақ қазіргі таңда әлемде ондай вакцина жоқ", - дейді ресми өкіл. 

Жаңа сенаторлар сайланды

Бүгін Сенат сайлауы өтті. Бүгінде Парламент Сенатының 17 депутатын сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі. 

"Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген", - делінген  Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Сайлауға бәрі бекітілген 58-ден тек 46 үміткер қатысып жатыр. ОСК хабарлауына қарағанда, тіркеуден кейін 12 депутат кандидатурасын алып тастау туралы өтініш жазған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 4 үміткер, 10 аймақта 3 үміткерден: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қаласы. Қалған аймақтарда 2 үміткерден.

Сайлаудың нәтижесін мына сілтемеден қарауға болады.