22 ноября 2019 | 17:18

Тоқаевтың тапсырмасымен. Даудан кейін қызметінен кеткен шенеуніктер

Таразды дүрліктірген қылмысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі араласты. Сабақ үстінде дәретханаға сұранған 12 жастағы қыздың зорлықшының құрбаны болғанынан кейін мектеп вахтерінен бастап білім басқармасының басшысына дейін қызметімен қош айтысса, енді Тоқаев қала әкімін де қызметінен босатты. Президент қызметіне кіріскелі Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай жазалауына қанша шенеунік қандай ісі үшін ұшыраған еді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің шолуында. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таразды дүрліктірген қылмысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі араласты. Сабақ үстінде дәретханаға сұранған 12 жастағы қыздың зорлықшының құрбаны болғанынан кейін мектеп вахтерінен бастап білім басқармасының басшысына дейін қызметімен қош айтысса, енді Тоқаев қала әкімін де қызметінен босатты. Президент қызметіне кіріскелі Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай жазалауына қанша шенеунік қандай ісі үшін ұшыраған еді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің шолуында. 

Жеті айда "жүйелі кемшіліктер жіберген" әкім  

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты қызметінен Президент  "12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін" босатты. 

Реклама
Реклама

Әкім қызметіне Досаев биыл сәуір айында кіріскен еді. Оның алдында шенеунік 2017 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келген еді. 

Ал мектептегі бұл жаға ұстатар жағдайдан кейін директор, оның орынбасары, мұғалім және вахтер қызметінен босатылған. Ал кейін облыстық Білім басқармасының басшысы өз еркімен өтініш беріп жұмыстан кеткені белгілі болды

Атқа мінген полиция басшысы
 

Мамырдың ортасында желіде Атырау облысы полициясының басшысы Аян Дүйсембаевтың сыйлыққа ат алып, қошеметпен оған отырған сәті түсірілген видео жарияланған еді. Қошемет көрсеткендердің ішінде полиция формасымен тұрғандар да болды. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыға түскен.

Осы видеодан кейін Тоқаев ішкі істер министріне Аян Дүйсембаевқа қатысқы қызметтік тексеріс бастауды тапсырған.

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады", - деп Тоқаев тапсырма берген еді.

Нәтижесінде бес күннен соң Аян Дүйсембаев қызметтік этиканы бұзғаны үшін Атырау облысы полиция басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

Арыстағы жарылыс: Экс-министрдің жазасы

Елді дүрліктірген Арыстағы жарылыстардан кейін Тоқаев Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығына сөгіс жариялаған. 

Мемлекет басшысының Өкімінде экс-басшылыққа сөгістің мына себептермен жарияланғаны айтылады: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны және қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету жұмысындағы, Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және орналастыру бағдарламасын іске асыру кезіндегі елеулі кемшіліктері, соның салдарынан Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына және қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін.


Сәкен Жасұзақов. © Тұрар Қазанғапов

2016 жылдың қыркүйек - 2018 жылдың тамыз айлары аралығында ведомствоны Сәкен Жасұзақов басқарған. Кейін ол Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы қызметін атқарған. Экс-министр осы аталған себептермен Қазақстан Қарулы Күштері жүйесінен шығарылып, оның қоластында болған бірқатар шенді де жазасыз қалмады.

Естеріңізде болса, 2019 жылдың 24 маусымында Арыс маңындағы қару-жарақ қоймасында жарылыс болған еді. Сол күні Арыстан 40 мыңнан аса адам жақын маңдағы елді мекендерге қашты. Жарылыстан үш адам қаза тапқан. Оның екеуі - әскери қызметші, біреуі - бейбіт тұрғын. Жүздеген адам ауруханаға түскен. Солардың бірі 8 жасар Аян Ерболұлы 2 тамызда ауруханада қайтыс болды. Жарылыс кезінде қашып бара жатқан оны көлік қағып кеткен.  

Министрліктегі дау  

Қазан айында Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариевті қызметінен босатқан болатын.

Мұның алдында ол  қызметтерді көрсету туралы келісімшартқа қол қоюда қысым көрсетті деп айыпталған болатын. Алайда шенеунікті қызметінен босатуға осы айыптау себеп пе, жоқ па - белгісіз.

Кейін пікір білдірген БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов те "бұл оқиғалардың өзара байланысы бар деп айта алмайтынын" мәлімдеген.

Алайда кейін Орсариев "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған. Онымен бірге айыпталған Рүстем Биғари де айыптаудың негізсіз болғанын мәлімдеген.

Түрмедегі азаптаулар

Тоқаев араласқан істің бірі Алматы облысы Заречное түзету мекемесіндегі жағдай болды. Мұнда да ісқызметтен босатуға дейін барды.

Әуелі 26 шілдеде Желіде түрмедегілерді ұрып жатқандардың видеосы тараған. Онда жаза өтеушінің киімін киген адамды бірнеше түрме қызметкері қолын артқа қайыра байлаған күйі асып қояды. Аяғына кір тасын байлап, салбырап тұрған күйі ұрып-соғады.

Президент іске дереу араласып, түзету мекемесіндегі қылмысқа кінәлілерді жазалауды тапсырды.

Артында колония басшысы қызметінен кетті, ал оның екі орынбасары ішкі істер органдарынан шығаруға ұсынылды. Сондай-ақ, облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная