27 апреля 2018 | 09:32

Ұлттық банк "кредитті ұйымдастыру комиссиясын" қайтаруға қатысты пікір білдірді

Екінші деңгейлі банктер кредит бергенде 2016 жылға дейін "қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия" (кейде "кредитке қызмет көрсеткені үшін алынатын комиссия" деп жазылады) алып отырған. 2016 жылы Ұлттық банктің осы комиссияға қатысты қаулысы жарияланып, кейін бұл мерзімге дейін кредит алғандар екінші деңгейлі банктерден комиссияны қайтаруды сұрап, тіпті мәселесін сот арқылы шешіп жатыр. Арасында қайтарып алғандары да бар. Осыған байланысты қаржы реттеушісі екінші деңгейлі банктер кредит бергенде "қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия" алуына қандай ұстанымда? 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екінші деңгейлі банктер кредит бергенде 2016 жылға дейін "қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия" (кейде "кредитке қызмет көрсеткені үшін алынатын комиссия" деп жазылады) алып отырған. 2016 жылы Ұлттық банктің осы комиссияға қатысты қаулысы жарияланып, кейін бұл мерзімге дейін кредит алғандар екінші деңгейлі банктерден комиссияны қайтаруды сұрап, тіпті мәселесін сот арқылы шешіп жатыр. Арасында қайтарып алғандары да бар. Осыған байланысты қаржы реттеушісі екінші деңгейлі банктер кредит бергенде "қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия" алуына қандай ұстанымда? 

Ұлттық банктің ұстанымы

Реклама
Реклама

Жеке тұлғаларға берілетін қарыз бойынша комиссиялар мен өзге төлемдер Ұлттық банктің 2016 жылы 30 мамырында бекітілген қаулысымен шектелген. Бұл қаулыда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі бар.

"Кредиттеу кезінде банктердің комиссиялар мен төлемдерді белгілеу кезінде қолданылатын бірыңғай тәсіл қарыз алушыға банктердің қарыз бойынша осы Комиссиялардың тізбесіне енгізілген комиссиялар мен төлемдерді ғана алатынына кепіл береді. Комиссиялардың тізбесінде қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия көзделген. Осылайша, оны алу ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді", - дейді банк өкілдері.

Қаржы реттеушісінің мәліметінше, қабылданған комиссиялардың тізбесі 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін жасалған шарттарға қолданылмайды, осыған байланысты осы кезге дейін жасалған банк қарызы шартында тиісті көрсету талабымен қарызды ұйымдастырғаны үшін банктердің комиссияны алуы да заңды болып шығып отыр.

Алайда Ұлттық банк өкілдері "қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастар бойынша кез келген даудың сот тәртібімен реттелуі мүмкін" екенін де айтып қалды.

"Комиссияны қайтарғым келеді"

Редакциямызға хабарласып, аты-жөнін атағысы келмеген оқырман өз оқиғасын баяндады. Оның сөзінше, "қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссияны" қайтару үшін екінші деңгейлі банкке барғанда ондағылар "келісімшарт негізінде жұмыс жасалғанын және оған клиенттің қол қойғанын" айтқан. 

Бірақ клиенттің айтуынша, егер кредит алар кезде банктің комиссиясынан бас тартқан жағдайда банк клиентке себебін айтпай-ақ, кредит бермеу туралы шешім қабылдай алар еді. "Банкке кредит сұрап барғанымда менеджерлер банктің ішкі ережесі бойынша олар кредиттің не себепті берілмейтінін түсіндіруге міндетті емеспіз деп, ішкі ережені көрсетті", - дейді оқырман. 


Кредитке қызмет көрсеткені үшін ұсталған комиссия. © Оқырман жолдаған құжат

Алайда Ұлттық банк өкілдері кез келген екінші деңгейлі банк кредитті бермеу туралы шешім шығарғанда себебін атауға міндетті екенін айтады. 

"Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысының 9-тармағына сәйкес, банк тиісті шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күніне дейінгі мерзімде клиентке банктік қарыз беру не бас тарту себебін көрсете отырып, банктік қарыз беруден бас тарту туралы Банктің клиенттермен жұмыс тәртібі туралы ережеде көзделген тәсілмен хабарлайды", - делінген Ұлттық банк жауабында.

Осылайша, банк өкілдерінің айтуынша, 2011 жылғы шілдеден бастап ҚР заңнамасында клиенттерге банктердің қарыз беруден бас тарту себептері туралы міндеттемесі көзделген. Банктер осы міндеттемені бұзған жағдайда азаматтар Ұлттық Банкке, оның ішінде оның аумақтық филиалдарына банктердің іс-қимылдарына шағымдануға құқылы екен. 

Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің бірі жолдаған сауалға клиенттің "қалауы және келісімі келісімшартта қолының қойылуымен келісілгенін атап", қаражатты қайтару туралы өтінішті қанағаттандыру мүмкіндігі ұсынылмағанын айтып, жауап берген. 

Банк комиссияны қайтару туралы өтінішке қандай уәж айтады?

Екінші деңгейлі банк клиенттің "қарызды ұйымдастырғаны үшін ұсталған комиссияны" қайтару туралы өтінішіне мынадай уәж айтады:

Біріншісі -"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заң. Бұл заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес, банк және оның клиенті арасындағы қарым-қатынастар, егер де басқасы ҚР заңнамасымен қарастырылмаса шарт негізінде жүзеге асырылады.

Екіншісі - "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі". Бұл кодекстің 2-бабының 2-тармағы бойынша, азаматтар мен заңды тұлғалар мен өз азаматтық құқықтарын иеленеді және жүзеге асырады, сонымен қатар, егер де басқасы заңнама актілерімен белгіленбесе өз еркінің құқығынан және өз мүддесінен бас тартады. Олар заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын анықтауда және шарт негізіндегі міндеттемелерді және құқықтарын белгілеуде ерікті.

Үшіншісі де осы кодекс. Кодекстің 386-бабының 1-тармағына сәйкес шарт күшіне енеді және оны жасасқан сәттен тараптар үшін міндетті болады. 


Өтінішке берілген жауап. © Оқырман жолдаған хат

Сондай-ақ, екінші деңгейлі банк ҚР Ұлттық банкінің қаржы қызметтерін тұтыну құқықтарын қорғау бойынша Департаментінің 2015 жылдың 23 желтоқсанындағы хаты мен ҚР Бас прокуратурасының 2012 жылдың 5 шілдесіндегі хатын келтіреді. 

Заңгер не дейді?

Астаналық заңгер Ержан Сиюбаевтың айтуынша, 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін алынған несиелер бойынша төленген комиссияларды қайтарып алуға болады.

"ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға несие бергенде несие шоттарын ашу және оны ұйымдастыру үшін ұстаған комиссияларын заңсыз деп танып, бұл банктерге жеке тұлғалардан заңсыз ұстаған комиссиялар қайтарылуы керектігі туралы 2012 жылдың 9 ақпанында № 667/206/740 хат жолдаған. Бірақ екінші деңгейлі банктер заңсыз ұсталған комиссияларды жеке тұлғаларға өз еркімен қайтаруға асықпайды. Сол себепті жеке тұлғалар талап арызбен сотқа жүгініп, заңсыз ұсталған комиссияларды банктерден қайтарып алып жатыр", - дейді ол.

Ал "комиссияны кредит жабылып қойған болса да алуға бола ма?" деген сұрағымызға маман несие жабылғаннан кейін де қайтарып алуға болатынын мәлімдеді. Алайда несие жабылғаннан кейін үш жыл ішінде әрекет ету қажет екен.

"Заңсыз ұсталған комиссияны несие жабылғаннан кейін де қайтарып алуға болады, бірақ несие жабылған күннен бастап жеке тұлға үш жылдың ішінде сотқа талап арызбен комиссияны қайтаруды сұрап, жүгінуі қажет. Себебі Азаматтық Кодекстің 178, 179-баптарының талабына сәйкес, талап қою мерзімі үш жыл болып белгіленген", - деді Сиюбаев.

Іс сотта қалай шешіледі?

Осындай істің сотқа жеткен мысалы өте көп. Мәселен, Батыс Қазақстан облыстық соты төрт тұрғынның ақшалай кредитке қызмет көрсету үшін алынған комиссия сомасын қайтару туралы үкім шығарған. Төрт азамат 2015 жылы банктерден 36-60 ай аралығындағы түрлі мерзімге кредит алып, банкпен келісімшарт жасасады. Бұл құжатта кредитті ұйымдастыру үшін заем сомасынан 0,4-тен 0,75 пайызға дейінгі мөлшерде ай сайынғы комиссия ұстап қалу қарастырылған. Сотқа шағымданғандардың айтуынша, банктер комиссия ұстап қалса да, ешқандай да қызмет көрсетпеген және мұндай соманың қайдан шыға келгені белгісіз, себебі кредитке қызмет көрсетуде банктердің қандай шығын көргені және қалай қосымша қызмет көрсеткені анық емес. 

Сондай-ақ, шағымданушылар Ұлттық банктің 9 қыркүйегінде екінші деңгейлі банктерге жолдаған хатын алға тартқан. Онда қарыз алушылардан есепшот ашу үшін комиссия ұстап қалу заңсыз екендігі және мұндай әрекетті дереу тоқтату керектігі айтылған. Нәтижесінде облыстық сот алқасы ұсынылған құжаттарды қарай келе келісімшарттардағы банктік комиссия ұстау пункттерін заңсыз деп таныған.

Оқи отырыңыз:

Банктен кредит алғанда неге назар аудару қажет?

Кредит алғанда заңсыз қосылған пайыздарды қалай қайтаруға болады

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная