ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
31 мая 2018 | 17:48

Қант диабетімен ауыратындарға ауыз бекітуге бола ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© vseoede.net © vseoede.net

Биыл 17 мамырдан 14 маусымға дейін мұсылман қауымы үшін парыз етілген Ораза айы өтіп жатыр. Ауыз бекітіп, күні бойы ұйқымен өткізу немесе керісінше ауыз бекіткеніне қарамастан өзін ауыр жұмысқа салу да діни ережеге жат. Ауыз бекіту не ауызашар кезінде тамақты баяу қабылдаған дұрыс, себебі бір тәуліктің тең жартысынан көбін аш құрсақ жүруден кейін бірден алға қойғанның түгін қалдырмау денсаулыққа кері әсерін беретіні не артық салмақ қосатыны сөзсіз. Ислам заңы бойынша емделіп жүрген адамдар ауыз бекітуден босатылған. Негізінен қант диабетімен ауыратын адамдарды екі типке бөлуге болады: Біріншісі жастар арасында кездеседі, ал екіншісінде 40-тан асқан адамдар осы аурудың түріне шалдыққан. Қазақстанда 310 мың қант диабетімен ауыратын адам тіркелген. Оның 95 пайызы екінші типтегілер. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл 17 мамырдан 14 маусымға дейін мұсылман қауымы үшін парыз етілген Ораза айы өтіп жатыр. Ауыз бекітіп, күні бойы ұйқымен өткізу немесе керісінше ауыз бекіткеніне қарамастан өзін ауыр жұмысқа салу да діни ережеге жат. Ауыз бекіту не ауызашар кезінде тамақты баяу қабылдаған дұрыс, себебі бір тәуліктің тең жартысынан көбін аш құрсақ жүруден кейін бірден алға қойғанның түгін қалдырмау денсаулыққа кері әсерін беретіні не артық салмақ қосатыны сөзсіз. Ислам заңы бойынша емделіп жүрген адамдар ауыз бекітуден босатылған. Негізінен қант диабетімен ауыратын адамдарды екі типке бөлуге болады: Біріншісі жастар арасында кездеседі, ал екіншісінде 40-тан асқан адамдар осы аурудың түріне шалдыққан. Қазақстанда 310 мың қант диабетімен ауыратын адам тіркелген. Оның 95 пайызы екінші типтегілер. 

Эндокринолог дәрігер Лаура Даниярова Тengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қандай жағдайда қант диабетімен ауыратын адамдардың Ораза ұстауына рұқсат етілгенін айтып берді. 

"Қант диабетімен ауыратын адамдар Ораза ұстаудың алдында дәрігерге қаралуы тиіс, себебі олардың ағзадағы қант деңгейін түсіріп отыратын құрылғыға өзгертулер енгізілуі мүмкін және қандағы глюкозаны бақылау міндетті. Әсіресе бұл қант диабеті асқынып кеткен (жүрек-қан тамырларының ауруы, ретинопатия, нефропaтия, нейропатия) адамдарға қатысты. Қант диабетімен ауыратын адам Ораза ұстағанда мынадай қауіп бар: гипогликемия (қанда қант азаюы), гипергликемия (қанда қант көбеюі), диабеттік кетоацидоз, дененің құрғап қалуы, электролитті теңгерімсіздік және қанның ұюы. Қант диабетінің 1-ші типімен ауыратын адамдарға, яғни инсулин инъекциясын жиі қабылдайтындарға ораза ұстау ұсынылмайды", - дейді Лаура Бахытжанқызы. 

Маманның айтуынша, Ораза ұстағысы келген басқа науқастар Рамазан айына үш ай қалғанда дәрігерге қаралуы тиіс.

"Дәрігерге сізді тексеруден өткізіп, қауіп-қатерлерді бағалап көреді. Қан құрамындағы қант деңгейін түсіріп отыратын құрылғының дозасын қалыпқа келтіріп береді. Есте сақтаңыз, аш қарынға қан құрамында қанттың азаюы өте қауіпті, адам әлсіреп, басы айналып, тершең болып, дірілдеу (судорога) және мүлдем есінен танып қалуы да мүмкін. Бұл қант диабетінің ең асқынған түрі - гипогликемия. Осы симптомдар байқалған сәтте тәтті сусын ішкен дұрыс немесе тілдің астына қант не кәмпит салу қажет. Мұндай жағдайда ауызды ашу керек", - дейді ол. 

Лаура Даниярова ауыз бекітудің физикалық және рухани тәжірибе арқылы келетінін, дайындықты талап ететінін айтады.

"Егер сіздің денсаулығыңыз дұрыс болмаса және өзіңіздің бір ай бойы шыдай алмайтыныңды сезсеңіз, ауыз бекітпестен бұрын міндетті түрде дәрігеріңізбен ақылдасқаныңыз жөн. Ауыз бекіту - денсаулығыңызды жақсартып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға сеп болып, артық тамақ ішуден тыяды. Егер сіз рухани жетілместен ораза ұстайтын болсаңыз - бұл уақытты текке жұмсаумен тең. Оразаны арықтау үшін ұстамайды. Сіз осы уақытта өмір салтыңызды өзгертумен айналысып, дұрыс тамақтанып, көбірек қозғалып, қарым-қатынасқа уақыт тауып, жүйке жүйелеріңізді бақылауда ұстауға жұмсасаңыз болады", - дейді Лаура Даниярова. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer