Коронавирустан айыққандарда тыныс алу жолдары қалай зақымдалады?

Фото: РИА Новости

Дәрігер коронавирус жұқтырғаннан кейін тыныс алу жолдары қаншалықты зақымданатынын және қандай жағдайда оңалтудан өту керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дәрігер коронавирус жұқтырғаннан кейін тыныс алу жолдары қаншалықты зақымданатынын және қандай жағдайда оңалтудан өту керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Алматы қалалық "Фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ КМК директоры Жанар Сәпиева айтты. Оның сөзінше, коронавирус жұқтырғаннан кейін тыныс жолдары зақымдануы әртүрлі деңгейге бөлінеді. 

"Науқастар ауруханаға түскен кезде әртүрлі зақымдану болады. Оны дәрігерлер КТ-1, КТ-2, КТ-3 деп анықтаймыз. КТ-1 кезінде 25 пайызға дейінгі өзгеріс болады. Мұндай науқастар тез емделеді. Ауруханадан шыққан кезінде оңалтудан өтсе өкпеде айтарлықтай өзгеріс болмайды. Ал КТ-2, КТ-3 кезінде 30-90 пайызға дейінгі зақымдану болады. Олар стационардан шыққаннан кейін толық оңалтудан өтуі қажет. Себебі оңалтудан толық өтпесе науқастарда ентігу, әлсіздік, ұйқының нашарлауы, депрессия секілді шағымдар жиілейді. 

Бұған дейін пневмония кезінде оңалту мерзімі 3 ай болса, коронавирус жұқтырғаннан кейін 3-6 айға дейін созылады. Оның да өз кезеңдері бар. Оңалтудан ауруханада да, үйде де өтуге болады", - деді маман ӨКҚ брифингінде. 

Реклама
Реклама

Дәрігердің сөзінше, үй жағдйында науқас өкпе гимнастикасын жасауы керек. Оны жасау методикасын дәрігерлер түсіндіреді.

Tengrinews
Вопрос от автора
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама