18 июня 2018 | 17:23

Онкологтар бас және мойын қатерлі ісігі белгілерін анықтау жолын айтты

© Tengrinews.kz

Қазақстанда жыл сайын 2000 адам бас және мойын қатерлі ісігіне шалдығады. Дәрігерлер бұл дерт асқынып кетсе, емдеу қиын екенін, сондықтан ісіктің симптомдарына аса назар аудару қажет екенін айтады. Қатерлі ісіктің белгілерін қалай анықтау керек? Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова Алматыда өткен "Бас және мойын ісігін ерте диагностикалау" тақырыбындағы пресс-конференцияда айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жыл сайын 2000 адам бас және мойын қатерлі ісігіне шалдығады. Дәрігерлер бұл дерт асқынып кетсе, емдеу қиын екенін, сондықтан ісіктің симптомдарына аса назар аудару қажет екенін айтады. Қатерлі ісіктің белгілерін қалай анықтау керек? Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова Алматыда өткен "Бас және мойын ісігін ерте диагностикалау" тақырыбындағы пресс-конференцияда айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Диляра Қайдарованың айтуынша, мұрыннан екі-үш апта қан тоқтамаса және бітеліп қалса, тістің қызылиектері ісіп, бірнеше апта басылмай қойса, тіл қозғалған кезінде ауырса; ауызда қызыл және ақ дақтар пайда болса бірден дәрігерге қаралу керек.

Реклама
Реклама

"Бас және мойын ісігімен ауыратын науқастар арасында өлімнің басты себебі - кеш қойылған диагноз. Медициналық қызметкерлерінің білім деңгейінің жеткіліксіздігі, түрлі мамандықтағы дәрігерлер арасындағы іс -қимыл үйлесімділігінің болмауы. Тағы бір себеп - халықтың ауру мен оның даму қаупі факторлары туралы хабардар болмауы", - дейді онколог.


Диляра Қайдарова

Онкологтың мәліметінше, тұрғындардың 70 пайызы дәрігерлердің көмегіне ісіктің ушыққан шағында жүгінеді. 

"Жыл сайын Қазақстанда бас және мойын қатерлі ісігіне 2000-мың нан астам адам шалдығады. Олардың көбі аурудың III-IV кезеңінде дәрігердің көмегіне жүгіне бастайды. Ондай жағдайда, науқасқа көмектесу қиынға соғады. Көбінесе, дәрігерлер қатерлі ісік диагонозын кеш анықтап жатады. Бас және мойын қатерлі ісігі деп бас пен мойын тұсындағы органдарда анықталған кез келген қатерлі ісікті айтамыз, оған көз көру, есту, бас миы, қалқанша безі мен асқорыту ағзалары кірмейді. Бас және мойын қатерлі ісігінің шамамен 30 локализациясы бар" , - дейді Диляра Кайдарова.

Маманның пікірінше, қатерлі ісіктің өлшемі 1-2 сантиметр болса, ол I-II кезеңге жатады. Ондай жағдайда, 90-95 пайыз науқастың сауығуға мүмкіндігі бар. Ал III-IV кезеңде ісіктің ұзындығы 3 сантиметр. Арасы аз болып көрінгенімен де, ісікті емдеу бірнеше есе қиынға соғады екен.


Марина Енгибарян

Ростовтағы (Ресей) онкологиялық институты бас және мойын ісігі бөлімінің жетекшісі конференцияда сөйлеген сөзінде Марина Енгибарян бұл дертке жастардың да шалдыға бастағанына алаңдайтынын айтты.

"Бұрын бас-мойын қатерлі ісігі диагнозымен 60 жастан асқан адамдар көп ауратын. Қазір 25-30 жастағы адамдар да көп шалдыға бастады. Бұл - үйреншікті жағдайға айналып барады", - дейді ресейлік маман.

ҚазОРҒЗИ орталығының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Ғалым Әділбай қатерлі ісіктің пайда болу себебін атап берді.

"Бас пен мойын қатерлігі ісігінің алғашқы белгісіне дауыстың қарлығып шығуы, жұтқыншақтың ауруы, мойынның ісуі де жатады. Бас-мойын, ауыз қуысы және жұтқыншақтағы қатерлі ісіктердің негізгі себебі - алкогольдік ішімдіктерді, қорқор және шылым өнімдерін шектен тыс көп тұтыну", - дейді ол.

Айта кетейік, биылғы 17-23 қыркүйектен бастап тұрғындар Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Шымкент қалаларындағы онкодиспансерлерде тексерістен тегін өте алады.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная