14 июня 2019 | 15:29

"Өте белсенді әрі өмірге құштар". Маман донор болудың пайдасын айтып берді

© pixabay.com

14 маусымда Бүкіләлемдік қан донорының күні атап өтіледі. Донор болу - біреудің өмірін ғана емес, өз өміріңді де құтқару. Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық қан орталығының директоры Жандос Нәдіровпен тілдесіп, донор болудың маңызын сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

14 маусымда Бүкіләлемдік қан донорының күні атап өтіледі. Донор болу - біреудің өмірін ғана емес, өз өміріңді де құтқару. Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық қан орталығының директоры Жандос Нәдіровпен тілдесіп, донор болудың маңызын сұрады.

"Жыл сайын 230-250 мың адам қан тапсыруға келеді"

Реклама
Реклама

Маманның айтуынша, донор болу үшін көп құжат жинаудың қажеті жоқ. Тек жеке куәлігіңізді әкелсеңіз жеткілікті.

"Жасы 18-ге толған, арнайы медициналық тексерілулерден өткен, қан тапсыруға қарсы көрсеткіші жоқ және қан және оның компоненттерін медициналық мақсатта ерікті түрде тапсыратын жеке тұлғалар донор бола алады", - дейді ол.

Қан тапсыратын күннің қарсаңында донорларға кешкісін майлы, қуырылған, ащы тағамдар, сүт өнімдерін, спирттік ішімдіктер қолдануға болмайды. Маманның айтуынша, қан тапсырар күні таңертең жеңіл тамаққа қанағаттанып, қант қосылған қара шай ішу қажет. Қан тапсырар алдында кофе ішуге болмайды. Егер донор тамақ ішсе, ол қан алуға тек 4-6 сағат өткеннен кейін жіберіледі. Қан тапсырғаннан кейін 24 сағат өткен соң ғана ауыр дене еңбегімен, спорттың экстремал түрлерімен айналысуға болады екен.

Оның сөзінше, бір адамнан 450 миллилитр қан алынады. Әр 2 ай сайын қан тапсырып тұруға болады.

"Елімізде жылына орташа есеппен 230-250 мың адам қан тапсыруға келеді. Донорлардың санын арттыру - әр адамның өзі ынтасымен жүзеге асырылатын мәселе", - дейді Жандос Нәдіров.

Жылдам әрі тегін тексерілу

Дәрігердің айтуынша, тұрақты түрде қан тапсырып тұру пациентке ғана емес, донорға да пайдалы. Мысалы, донор болу жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алуға көмектеседі және иммунитетті күшейтеді.

"Қан тапсырудың адамды ынталандыратын әсері бар екені ғылыми түрде дәлелдеген, яғни, донорлар - өте белсенді және өмірге құштар жандар. Соңғы зерттеулерге сенсек, донорларда жүректің ишемиялық аурулары сирек болады", - дейді Нәдіров.

Ол қан тапсыру әскерилерге, құтқарушылар мен күзетші секілді қауіпті қызметтерге өте пайдалы екенін айтады. Себебі донорлар қансырауға төзімді болып келеді. Мысалы, донор мен ешқашан қан тапсырмаған адам бірдей жарақаттанса, біріншісінің аман қалатын мүмкіндігі көбірек.


© tvc.ru

"Оның үстіне, донордың қаны тиянақты зерттеледі: гемоглобинді тексеріп, АИТВ инфекциясы, В және С гепатиттері, мерез сырқаттарын анықтаймыз. Ақылы ауруханаларда мұндай тексерістер ақылы. Ал донорлар өз денсаулығын тегін әрі лезде тексере алады. Үш күннің ішінде анализдердің нәтижесін шығарып береміз", - дейді дәрігер.

Жандос Нәдіров қан ауруы бар ер адамдарға тұрақты түрде донор болу қажет екенін айтады. Себебі, жиі қан тапсыратын ер адамдар қандағы артық темірден құтылады екен.

Донорларға неге ақша төленбейді?

Сонымен қатар, дәрігер донорларға неге ақша төленбейтінін де айтты.

"Өз қанын тегін беріп, ол үшін ақы алмайтын донорлардың қаны қауіпсіздеу болып саналады. Себебі ондай донорлар тек жақсылық жасау идеясын алға қояды. Ал егер қан тапсырғаның үшін ақша беретін болса, материалдық жағдайын ойлайтындар денсаулығы туралы кінәраттарды жасырып қалуы мүмкін. Ал бұл үлкен қатер", - дейді дәрігер.

Сондықтан, Жандос Нәдіров қан тапсырғанда оған мұқтаж адаммен қатар, өзін де ойлау керек деп санайды.

"Донор болсаңыз, біреудің де, өз өміріңізді де құтқарып қалуыңыз ықтимал. Себебі сіздің денсаулығыңызды донор орталығынан артық ешкім тегін қарап бермейді", - деп қорытындылады дәрігер.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная