ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 мая 2019 | 17:07

Шомылу маусымы: Маман бассейнге баратындарға кеңес берді

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Адам көп жиналатын жерлерде, оның ішінде ашық және жабық бассейнге түскенде балалармен қатар ересектер де түрлі инфекция жұқтырып алуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісіне дерматокосметолог, дерматолог Ақмарал Джамбулова бассейнге баратындарға қандай қауіптер бар екенін және оның алдын алу ережелерін айтты. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Адам көп жиналатын жерлерде, оның ішінде ашық және жабық бассейнге түскенде балалармен қатар ересектер де түрлі инфекция жұқтырып алуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісіне дерматокосметолог, дерматолог Ақмарал Джамбулова бассейнге баратындарға қандай қауіптер бар екенін және оның алдын алу ережелерін айтты. 

"Инфекция ауа, су, дене байланысы арқылы жұғады. Бассейн ашық болса, дене күнге күйіп, ыстық өтіп кету қаупі жоғары. Сонымен қатар, бассейнде суға батып кететін жағдайлар да болады. Себебі адамдар суға барғанда көбіне алкоголь ішеді және өзін бақылауда ұстай алмай қалады", - дейді дәрігер. 

Ақмарал Джамбулова бассейнде зең аурулары көп кездесетінін айтады, себебі ол су мен дене байланысы арқылы жұғады.  

"Екінші орында ішек инфекциялары тұр. Ол да су мен дене байланысы арқылы таралады. Сонымен қатар, жедел респиратор вирус инфекциялары бар", - дейді дәрігер. 

Дәрігердің айтуынша, бассейнде зең ауруларының алдын алу үшін ең алдымен әркім ауыстыратын аяқ-киім алып келгені жөн. Ол өзінікі болуы керек немесе сол жерден жаңасын сатып алу қажет. Яғни одан бұрын резеңке-шәркейді ешкім кимеуі керек. Екіншіден, таза шомылатын киім және шашың ұзын болса жүзуге арналған телпек алып келу керек. Үшіншіден, әркімнің душ қабылдауға арналған гигиена құралдары болған жөн. Ішке кіргенде де даладан келген аяқ-киімді арнайы пакетке салып қою керек. Орамал да өзіңдікі болғаны дұрыс. Тамақ ішерде үлкен-кіші де қолды сабындап жуу керек. Шомылып жүргенде де су жұтуға болмайды. Себебі ішек инфекцияларын жұқтырып алу қаупі жоғары. Мысалы, А гепатиті қауіпті", - дейді ол.

Маман дерматологиялық ауруға шалдыққандарға, ЖРВИ, ішек инфекцияларымен ауырып жүрген адамдарға бассейнге баруға болмайтынын айтады. Себебі олар көп адамның денсаулығына қауіп төндіреді. 

"Мұндай жерлерде абонемент сатып алғандардан көбіне денсаулығына байланысты анықтама сұрайды. Бірақ өкінішке қарай оны сатып алу оңай. Дегенмен де, ауырып жүрген адамдарды мұндай қоғамдық орынға келуден бас тартуға шақырамын", - дейді дерматолог. 

Дәрігердің айтуынша, ашық немесе жабық бассейнге бір мерекені тойлауға келгендерге алкоголь ішпеген дұрыс. Себебі адам мас күйде денесінің қатты суып немесе қызып кеткенін сезбейді. 

Дәрігер бассейннен шыққан соң әлсіреп, жүрек айнып, қалтырап, қызуыңыз көтерілсе немесе дене қызарып, қышыса, өзгерістер байқалса дереу дәрігерге көрінуге кеңес береді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer