Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 мая 2022 17:21

Туды қорлаған Shiza музыка фестиваліне қатыстырылмайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Shiza Shiza

Shiza лақапатымен танылған өнерпаз Асхат Долшиев BEU Fest жаңа қазақстандық музыка фестиваліне қатыстырылмайтын болды,-  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы фестиваль өкілдері Instagram желісінде жариялады.


Shiza лақапатымен танылған өнерпаз Асхат Долшиев BEU Fest жаңа қазақстандық музыка фестиваліне қатыстырылмайтын болды,-  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы фестиваль өкілдері Instagram желісінде жариялады.

"Құрметті достар! Кейінгі оқиғаларға байланысты Shiza BEU Fest-ке қатыспайтынын хабарлауға мәжбүрміз. Біз отандық музыканттарды белсенді қолдаймыз, бірақ назар аудармай өтуге болмайтын жағдайлар бар. (...) 11 маусымда кездескенше!" - делінген фестиваль хабарламасында.

BEU Fest - жаңа қазақстандық музыка фестивалі. Биыл фестиваль Алматыда 11 маусымда өтеді. Оған "Ирина Кайратовна" тобы, Ninety One, Молданазар, The Limba, Раим, Kalifarniya, Jeltoksan, Darkhan Juzz сынды өнерпаздар қатысады деп жоспарланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🅱️eu Fest 2️⃣0️⃣2️⃣2️⃣ (@beu.fest)

Айта кетейік, 25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында "Ирина Кайратовна" мен Shiza лақапатымен белгілі Асхат Долшиевтің концерті өткен болатын. Кейінірек Желі қолданушылары "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов пен Асхат Жолшиевтің сахнадағы әрекетін сынады. Әншілер сахнада боғауыз сөз де айтып жіберген. Желі қолданушыларының сөзінше, әнші Асхат Жолшиев Қазақстанның туын адамдарға лақтырған.  

Қолданушылар әншілер мас деп топшылаған. Сонымен қатар, Желіде тараған видеолардың бірінде "бәрі ішіп алғаны, концерт онша емес өткені және ұйымдастыру нашар болғаны" жазылған.  

Бұған дейін бұл оқиғаға байланысты Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин пікір білдіріп, Shiza лақапатын иеленген азаматтың Мемлекеттік туға қатысты әрекеті жіті тексерілуі керегін айтқан. Кейінірек "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов Алматыдағы концертте көрсеткен қылығы үшін қазақстандықтардан кешірім сұраған еді.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети