13 сентября 2024 | 16:30

Бала неге суицид жасайды және оның қалай алдын алуға болады?

depositphotos.com/e16@gmx.net

Қазақстанда жыл сайын 3,5-4 мың адам суицид жасайды. Бір күнде кемінде 9-10 адам суицид жайлы ойлайды екен. Өкінішке қарай, өз-өзіне қол жұмсайтындардың арасында балалар мен жасөспірімдер де бар. Бала неге суицид жасайды және қалай оның алдын алуға болады? Massaget.kz тілшісі балалар психологы Данияр Ареновтан сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жыл сайын 3,5-4 мың адам суицид жасайды. Бір күнде кемінде 9-10 адам суицид жайлы ойлайды екен. Өкінішке қарай, өз-өзіне қол жұмсайтындардың арасында балалар мен жасөспірімдер де бар. Бала неге суицид жасайды және қалай оның алдын алуға болады? Massaget.kz тілшісі балалар психологы Данияр Ареновтан сұрады.

Бала неліктен суицид жасайды?

Маманның айтуынша, көп жағдайда жасөспірім өмірінде болып жатқан ауыр жағдайдың шешімі жоқ деп ойласа, суицидтен басқа жол көрмейді.

Реклама
Реклама

"Мысалы, бала мектепке барады, буллингке тап болады. Ол бұдан құтылудың жолын іздеп, мектептегі мұғалімдерге жүгінеді, ал олар мәселені шешпейді, мән бермейді. Кейде тіпті "өзің кінәлісің" деп айтуы мүмкін. Сонымен бала ешкімнен көмек сұрай алмай, тұйықталып қалады", - деді ол.

Сонымен қатар баланың қиындыққа шыдай алмай, суицид жасауға итермелеуі оның жүйке жүйесімен байланысы бар көрінеді. Психолог жүйке жүйесін әлсіз және күшті деп екіге бөлді. Жүйке жүйесі күшті бала жасөспірім буллингке тап болғанда қарсы тұрады, бүлік шығарады, ал әлсіз бала төзіп жүре береді, ақырында осындай салдарға әкеп соқтырады.

Суицид туралы ойлап жүрген баладан қандай да бір ерекшелік байқала ма?

Данияр Аренов суицид туралы ойлап жүрген баланың бойынан белгілер байқалады.
Мысалы:

  • бала жабырқап жүреді;
  • айналасына мән бермейді;
  • бұған дейін қызыққан дүниелеріне назар аудармайды;
  • киімі мен сырт келбетіне қарамай кетуі мүмкін;
  • көңіл-қошы мүлде болмайды.

"Оның түрлі белгісі болуы мүмкін. Ата-ана баласынан біртүрлі қылықтарды байқаса, не болғанын анықтау үшін баладан тікелей сұрау қажет. Ол сізбен бөліспеген жағдайда оның веб шолғыш тарихын тексеруге болады. Кейде бала ата-анасына айтуға қорқатын бір жағдайға тап болуы да мүмкін. Яғни ұтыс тігіп, ақшасынан айырылып, оған қоса қарызданған болуы ықтимал, салдарынан бала мазасызданады, бұл да бірден байқалады. Ал егер бала буллингке тап болса, ол міндетті түрде байқалады. Белгілерді қандай ата-аналар байқамайды? Балаларына қажетті мөлшерде көңіл бөлмейтін, балаларын дұрыс білмейтін ата-аналар", - деді балалар психологы.

Толығырақ МЫНА сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная